ҰБТ-2009, нұсқаулық-6
10/05/2009, 13:43

20. Өтініш бланкісін толтыру тәртібі 

 

92. Өтініш бланкісі мынадай тәртіппен толтырылады:

 

1) 1-сектордағы жоғарғы бос тор көздерге көлденең бағытта бітірушінің тегі баспа әріптерімен жазылады. Бітірушінің тегіндегі әрбір әріптің астындағы тор көздегі көрсетілген әріптерге сәйкес дөңгелекшелер боялады. 2, 3- секторлары да осы тәртіппен толтырылады. Мысалы:

Ескерту: Егер, тестіленушінің деректерінде «ё» немесе «ъ» әрпі қолданылса, тиісінше «е» немесе «ь» әріптерін бояу қажет. Базада өзгерту енгізу үшін бітірушінің аты-жөні Е-13 нысандағы өзгерістер журналына енгізіледі.

 

 

2) 4-секторда өтініштерді тіркеу журналына сәйкес ТЖК толтырылады. Мысалы:

 

 

 

3) 5-секторда бітірушінің жынысына сәйкес дөңгелекше боялады; 

4) 6-секторда  бітіруші емтихан тапсыратын тілді – қазақ немесе орыс тіліне сәйкес дөңгелекшені бояйды. Мысалы:

 

 

5) 7-секторда 8-секторда көрсетілетін бітірушінің жеке куәлігі (паспорт) құжат нөміріне сәйкес дөңгелекше боялады;

6) 8-секторда бітірушінің жеке басын растайтын құжаттың (паспортының) нөмірі жазылады және боялады. Паспорт нөмірін толтыру үшін алғашқы 7, ал жеке куәлік үшін барлық 9 баған түгел қолданылады; Басқа құжат болған жағдайда 8-сектор толтырылмайды.

7) 9-секторда бітірушінің азаматтығы азаматтардың анықтамалығына сәйкес, дөңгелекшедегі сандар боялады. Мысалы:                  01 – Қазақстан азаматы, 02 – Ресей азаматы және т.б.

8) 10-секторда ұлттардың анықтамалығы бойынша бітірушінің ұлтына сәйкес дөңгелекшедегі сандар боялады. Мысалы:                01 – қазақ, 02 – орыс  және т. б.

9) 11-секторда бітіруші аяқтаған оқу орнына сәйкес үш дөңгелекшенің бірі боялады;

10) 12-секторда облыстардың анықтамалығына сәйкес бітіруші аяқтаған оқу орнының орналасқан облысын көрсететін екі қатарлы санға сәйкес дөңгелекшелер боялады. Мысалы: 01 –  Ақмола облысы, 02 – Алматы  облысы және т.б.

11) 13-секторда аудандар анықтамалығына сәйкес бітіруші аяқтаған оқу орнының орналасқан ауданын көрсететін екі қатарлы санды бояйды. Мысалы: 01 – Көкшетау  ауданы, 02 – Талғар ауданы және т.б.с.с.

12) 14-секторда оқу орындарының анықтамалығына сәйкес бітіруші аяқтаған оқу орнының коды көрсетіледі. Мысалы: 001 –Астана қаласы  №1 ОМ, 002 –Алматы қаласы  №2 ОМ және т.б.

13) 15-секторда бітірушінің оқу орынын аяқтаған жылының соңғы екі саны боялады;

14) 16-секторда бітірушінің туған жылының соңғы екі саны боялады;

 

15)  17-секторда   техникалық хатшының қолтаңбасы қойылады;

16)  18-секторда   бітірушінің қолтаңбасы қойылады;

17) 19, 20, 21-секторлар  ерекше жағдайда техникалық хатшымен толтырылады.

Ескерту: Бітірушінің «Бітіруші» ДБ-ға енгізілген барлық деректері ҰБТ-ы сертификатында, білім беру гранты (бұдан әрі – грант) куәлігінде көрсетіледі, сондықтан тегі, аты және әкесінің аты қатаң түрде жеке куәлік, паспорт немесе жеке басын куәландыратын құжат бойынша толтырылуы қажет. 16 жасқа толмаған жеке куәлігі жоқ бітірушіге мектеп директоры бітірушінің фотосуреті жапсырылып, мектептің мөрі басылған (Е-00 нысан) анықтама жазып береді.

Категория: Мои файлы | Добавил: shakhibbeker
Просмотров: 953 | Загрузок: 0 | Комментарии: 1 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: