ҰБТ-2009, нұсқаулық-5
10/05/2009, 13:40

18. «Бітіруші» ДБ-ны қалыптастыру

 

89. «Бітіруші» ДБ қалыптастыру мынадай тәртіппен жүзеге асырылады:

1)                ҰТО әзірлеген «Бітіруші» АЖО ҰБТ ӨП-те орнатылады және ҰБТ ӨП спецификасы бойынша күйге келтіріледі;

2)                 мектеп әкімшілігі мектептің техникалық хатшысын тағайындайды;

3)                ҰБТ ӨП жетекшісі техникалық хатшыны ҰБТ-ның технологиясы, Жалпы орта білім беру ұйымдарындағы оқушылардың үлгерімін ағымдағы бақылау, оларды аралық және қорытынды аттестаттаудың үлгі ережесі бойынша оқытады;

4)                ҰБТ ӨП жетекшісі техникалық хатшыға ҰБТ-ның нормативтік, нұсқамалық және анықтамалық құжаттарды, өтініш бланкілерін және өтініштерді тіркеу журналын (бітірушілердің санына қарай) береді;

5)                мектепте өтініш бланкілерін толтыру және бітірушілерді тіркеу журналына тіркеу жүргізіледі;

6)                толтырылған өтініш бланкілерін және бітірушілерді тіркеу журналын техникалық хатшы ҰБТ ӨП-ке жеткізеді;

7)                бітірушілер туралы деректерді «Бітіруші» ДБ-ға енгізу мақсатында өтініш бланкілері ҰБТ ӨП-те арнайы оптикалық маркерлік сканерде (бұдан әрі - сканер) оқылады. Техникалық хатшының қатысуымен өтініш бланкілерін қатаң түрде мектептер бойынша сканерден өткізу қажет.

8)                мектептер бойынша өтініш бланкілерін сканерлеуді аяқтағаннан кейін, өтініш бланкілерін сканерлеу есебі (Е-06 нысан) және бітірушілерді тіркеу туралы анықтама (Е-4-01 нысан) беріледі.  Анықтаманы бітірушілерге беру мектепте жүзеге асырылады.

9)                ережеде белгіленген мерзімде ҰБТ ӨП-те техникалық хатшымен бірге ДБ-ны және тіркеу журналын жабу жүргізіледі;

10)            ДБ жабылғаннан кейін бітірушілердің саны жөнінде мәліметтер телекоммуникациялық желі арқылы ҰТО-ға жіберіледі;

11)            ҰТО-да аудиториялық қорға талдау жасалып, бітірушілерді бөлу үшін аудиториялар ашылады;

12)            ҰБТ ӨП-ке аудиторияны ашуға арналған файл жіберіледі. Осы жіберілген файлдың көмегімен пункттерде бітірушілерді аудиторияларға бөлу автоматты түрде жүргізіледі;

13)            бітірушілерді аудиторияларға бөлу аяқталғаннан кейін техникалық хатшыға рұқсаттама және рұқсаттама түбіртегі беріледі. Мектепте рұқсаттама және рұқсаттама түбіртегін ресімдеу (сурет желімдеу және мектеп мөрін басу) жұмысы жүргізіледі;

14)            бітірушілерге рұқсаттаманы тарату мектептерде іске асырылады, ал дайындалған түбіртектер ҰБТ ӨП жетекшісіне беріледі;

15)            лектер бөлініснде аудиторияларға бөлінген бітірушілердің жалпы саны туралы мәліметтер телекоммуникациялық желі бойынша ҰТО-ға жіберіледі.

 

 

 

19.  Өтініштерді қабылдау және тіркеу

 

          90. Бітірушілердің тестілеуге қатысу өтініштері өтініштерді тіркеу журналына тіркеледі. Тіркеу журналы бітірушілер санына сәйкес басылып шығарылады. Өтініштерді тіркеу журналы тігіледі және мектептің мөрі қойылады;

91. Тіркеу журналы 9 негізгі бағаннан тұрады. «Тестіленушінің жеке  коды» (бұдан әрі - ТЖК) бағаны бағдарламалық қамтамасыз етумен автоматты түрде толтырылады. Тиісті бағанға бітірушінің аты-жөні енгізілгенде оған автоматты түрде сәйкесті ТЖК беріледі. «ТЖК»-дан басқа бағандар қолмен толтырылады; Тіркеу журналының барлық бағандары толтырылғаннан кейін  бітірушіге өтініш бланкісі беріледі. Өтініш бланкісі қарындашпен толтырылады және техникалық хатшының бақылауында болады.

91-1. Бітіруші техникалық хатшыға 3х4 мөлшерлі фотосурет пен жеке куәлік құжатының көшірмесін өткізеді.

92.                  Өтініш бланкісіндегі кейбір мәліметтерді техникалық хатшы өз қолымен толтырады:

 

Сектор

Боялады

Негіз

4ектор

 

ТЖК (XXXZZZNNN,формат бойынша мұндағы XXX – ҰБТ ӨП-тың, ZZZ – техникалық хатшының коды, NNN – реттік нөмірі)

Өтініштерді тіркеу журналы

7ектор

8ектор

Жеке куәлігінің (паспорт) немесе жеке басын куәландыратын басқа құжаттың нөмірі

Жеке басын куәландыратын құжат

9ектор

Азаматтығы

Жеке басын куәландыратын құжат және азаматтар анықтамалығы

10ектор

Ұлты

Жеке басын куәландыратын құжат және ұлттар анықтамалығы

11-сектор

12-сектор

13-сектор

14-сектор

15-сектор

Білімі туралы мәліметтер

Мектептер анықтамалығы

 

16 Сектор

Туған жылы

Жеке басын куәландыратын құжат

93.                  Жоғарыда көрсетілген деректердің растығына және дұрыс толтырылуына техникалық хатшы тікелей жауап береді. Қалған секторларды (жоғарыда көрсетілгендерден басқа) техникалық хатшының бақылауымен, бітіруші өз қолымен толтырады.

Категория: Мои файлы | Добавил: shakhibbeker
Просмотров: 1313 | Загрузок: 1 | Комментарии: 1 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: