ҰБТ-2009, нұсқаулық-4
10/05/2009, 13:39

12. Апелляциялық комиссия төрағасының функциялары

 

          63. Апелляцияны ұйымдастыру және өткізу бойынша ҰТО-да оқудан өту.

64. Апелляцияны өткізу процесі жөнінде апелляциялық комиссияның мүшелерімен нұсқама жүргізу.

65. Бітірушілерден апелляцияға өтініштерді қабылдауды ұйымдастыру;

          66. Министрлік өкілінен апелляцияға өтініш берген бітірушілердің матералдарын алу.

66-1. Апелляцияға берген өтініштерді ДБ-ға енгізу үшін Министрлік өкіліне тапсыру;

          67. Апелляция процесін басқару және бақылау.

68.            Апелляция бойынша шешімдер қабылдау.

          69. Апелляция нәтижелерін ДБ-ға енгізу.

70. Апелляция аяқталғаннан кейін емтихан матералдарын Министрлік өкіліне беру.

71.            Әрбір лек бойынша апелляция рәсімдері бойынша есеп беруді дайындау.

Ескерту: Тестілеу уақытында Апелляциялық комиссияның төрағасы Министрлік өкіліне тестілеу процесін бақылауға көмек көрсетеді.

 

13. Аудитория бойынша кезекшілердің функциялары

 

72. Аудиториялардың тестілеуге дайындығын тексеру.

73. Министрлік өкілінен емтихан материалдарын (№5 акт)  алу;

74. Аудиториялық тізімге сәйкес бітірушілерді аудиторияларға кіргізу.

75. Отырғызу тізіміне сәйкес бітірушілерді орындарына отырғызу.

76.           Бітірушілерге емтихан кезінде өзін-өзі ұстау ережелерін түсіндіру.

77.           Емтихан материалдарының қорабын ашуды ұйымдастыру.

78.           Емтихан материалдарын тарату.

79.           Емтихан материалдарын толтыру ережелерін түсіндіру.

80.           Аудиториядағы тәртіп ережелерінің сақталуын бақылау.

81.           Тестілеу аяқталғаннан кейін емтихан материалдарын қабылдау және тапсыру (№5 акт).

 

 

14. ҰБТ ӨП базасын құру

 

82. ҰБТ ӨП базасын қалыптастыру мынадай тәртіп бойынша жүзеге асырылады:

1)            ҰТО-да «ҰБТ ӨП базасы» АЖО әзірленеді, электрондық тасымалдағышта ҰБТ ӨП-ке жіберіледі;

2)            ҰБТ ӨП-те «ҰБТ ӨП базасы» АЖО құрылып, қажетті ақпараттарды енгізуді қамтамасыз ету;

3)            телекоммуникациялық желі арқылы соңғы мәліметтер ҰТО-ға жіберіледі.

 

 

15. Аудиториялық қорды жоспарлау

 

          83. ҰБТ ӨП жетекшісі ағымдағы жылғы бітірушілер санына байланысты аудиториялық қорды жоспарлайды. Жоспарлау кезінде мынадай талаптарды ескеру керек:

1)                аудиториялардың бір ғимараттың (корпус) ішінде болуы қажет;

2)                қазақ тілінде емтихан тапсыратын бітірушілер үшін және орыс тілінде емтихан тапсыратын бітірушілер үшін аудиториялар тіл мәртебесі бойынша бөлінеді;

3)                әрбір  лектегі аудиторияның тіл мәртебесі әр түрлі болуы мүмкін;

4)                аудиториядағы орындардың саны 10-ға еселі болуы қажет, және                  30-дан кем, 150-ден артық болмауы керек;

5)                отырғызатын орын саны бір партаға 2 адам есебі бойынша анықталады;

6)                спортзалдарды, үлкен залдарды бірнеше аудиторияларға бөліп пайдалануға болады;

84. Аудиториялық қор туралы мәліметтер «ҰБТ ӨП базасы» АЖО-дағы «Аудиториялық қор» бөліміне енгізіледі. Әрбір лек бойынша аудитория қорын келісу үшін телекоммуникациялық желі арқылы ҰТО-ға ұсынылады.

 

 

16.  Оқу орындары

 

          85. Астана және Алматы қалалары, облыстық білім басқармалары орта, бастауыш және орта кәсіптік оқу орындарын облыстағы ҰБТӨП бойынша бөледі.

86.            ҰБТ ӨП жетекшісі ҰБТӨП-ке бекітілген оқу орындары туралы ақпараттарды (атауы, мекен-жайы, телефон, түрі, мәртебесі, оқу орнының меншік нысаны, бітірушілердің саны) жинауды қамтамасыз етеді.

          87. Инженер ақпараттарды енгізеді және оны ҰТО-ға жіберуді жүзеге асырады.

 

 

17. Кесте

 

88. Бітірушілерді тестілеу кестесі жергілікті білім басқармасы органдарымен және БТМСҰО-мен келісілген тасымалдау, орналастыру және тамақтандыру кестесіне сәйкес жасалады. Тестілеу кестесі туралы мәлімет «ҰБТ ӨП базасы» АЖО-дағы «Тестілеу кестесі» бөліміне енгізілуі керек. Тестілеу кестесі ҰТО-ға электрондық байланыс көмегімен жіберіледі.

Категория: Мои файлы | Добавил: shakhibbeker
Просмотров: 1035 | Загрузок: 0 | Комментарии: 1 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: