22:32
Жады-нама

МИҒА ПАЙДАЛЫ ӨНІМДЕР

Мидың жұмысын жақсартып, есте сақтауға көмектесетін өнімдер бар. Соларды тізіп шығайық.

 

Балық

Майлы балықтар, әсіресе скумбрия, арқан балық омега-3 майқышқылына бай. Ол қан айналымды бұзатын холестериннің деңгейін азайтады.

 

Қызанақ

Қызанақта стрессті жойып, жадыны жақсартатын ликопин және холин деген антиоксидант бар.

 

Брокколи

Брокколи ағзадан токсиндерді шығарады. Сосын есте сақтауға қажетті ақуыз деңгейін ұстап тұрады.

 

Жасымық

Оның құрамында күрделі көмірсулар және көп аминқышқылдар бар. Осы арқылы жасушадағы биохимиялық процесстер жылдам жүреді.

 

Жаңғақ және шемішке

Кәдімгі грек жаңғағында: альфалинолен қышқылы, Е дәрумені, омега-3, омега-6, омега-9 майқышқылдары бар. Қандағы холестеринді тазалап қоймай, ми жасушаларының қартаю процесін тежейді. Ми қантамырлары қабырғаларының беріктігін қамтамасыз етеді. Қарап тұрсаң, жаңғақтың өзі миға ұқсайды. Калориясы өте жоғары, сондықтан тым көп жеуге болмайды.

Асқабақ дәнінде мырыш пен магний бар. Бұлар жады мен жүректің жұмысын жақсартады. Жаңғақ пен шемішкені сөмкеңе салып ал.

баспаға әзірлеген

Бегімхан  Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >>

Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар облысы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Просмотров: 13 | Добавил: shakhibbeker | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: