10:11
Жады-нама

ОЙША ЕСЕПТЕУ ЖОЛДАРЫ

Ойша есептеу де есте сақтау қабілетін арттырады. Гроссмейстер шахмат партиясын ұмытпайтыны секілді, математиктер де есепті ойша шығарып, қандай есеп екенін ұмытпайды. Ойша есептеу үшін миды біраз жаттықтыру керек. Қазіргі заманда қарапайым есептің өзін калькулятор көмегімен шығаруға әбден әдеттеніп қалғанбыз.

Назарды бір есепке шоғырландырып, қысқа  мерзімді жадыда бір уақытта бірнеше затты қатар ұстап тұру керек. Әрине, логикалық ойлай білу қаты көмектеседі. Соған қоса, есеп шығарудың оңай жолдарын, лайфхактарды білу керек. Күн сайын өзіңе уақыт белгілеп, қанша есеп шығара алатыныңды есептеп көрсең болады. Есепті қиялыңда көре білу керек. Және ең маңызды нәрсенің бірі – назарыңды бұзатын факторлардан аулақ болу керек. Қазір бірнеше есептеу жолдарын оңайынан қиынына қарай айтып шығамын.

 

Назарыңды бұзбай, есепте ұстай аласың ба?

Алдымен мына есепті ойша жылдам шығарып көр. Қайталап ай тамын: ойша әрі жылдам есепте.

1000 санын ойла. Оған 4-ты қос. Тағы 1000-ды қос. Тағы 30-ды қос. Тағы 1000-ды қос. Тағы 20-ны қос. Тағы 1000-ды қос. Тағы 10-ды қос. Қанша шықты? 5000 шықты ма? Өкінішке қарай, дұрыс емес. дұрыс жауабы: 4100.

Назарды бұзбай, бір есепті шығарып біткенше ұстап тұру зейінді нығайтады. Бір іске барлық ойыңды шоғырландырады.

Оны тексеру үшін мына есептерді ойша шығар:

9000-800-70-600-50-400-30-200-10

Жауабы:

1*2*3*4*3*2*1

Жауабы:

63+18+27+34

Жауабы:

50:2*3-15+70:2-25+50

Жауабы:

Егер бұл есептерді шығару қиын болса, онда саған күн сайын жаттығу керек.

баспаға әзірлеген

Бегімхан  Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >>

Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар облысы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Просмотров: 11 | Добавил: shakhibbeker | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: