21:35
Жады-нама

ТАРИХИ ДАТАНЫ ЖАТТАУ ТӘСІЛІ

Өлең құрастыр

Тарихи даталардан өлең құрастырып, танымал әндердің әуенімен айтып шықсаң, керемет болады, есіңнен кетпейді. Мысалы, төмендегі өлеңді «Дудар-ай» әнімен айтып көр.

1729-да шайқас болған,

Аңырақай деген жерің қанға толған.

1731-де әбілқайыр,

Ресейден «қорғайм» деген уәде алған.

Әрине, бұл уәдесі болды жалған,

Қазақтың әр жерінде ізі қалған.

1847-де Қапал бекініс,

1854-те верный салған.

Жаттау керек барлық датаны бір жерге жинау керек. Олардың хронологиялық реттілігін сақтау керек. Әр датаның оқиғасын білу өте маңызды. Мысалы, 1771-1781 жылдары Абылай билік құрды. Оған қоса мына ақпараттарды зерттеу керек. Абылайдың жанында қандай билер, батырлар болды, билікке келу үшін кіммен шайқасты, қандай қызықты оқиғалар қалды?

Бүгін Абылайды жаттап, ертең Қазақстанның тәуелсіздігін жаттап, арғы күні тас дәуірін жаттау дұрыс емес. әр үлкен тақырыпты бөлек алып жаттау керек. Мысалы, Қазақ хандығының хандарын бөлек плакатқа жазып жаттау.

 

Жылдарға цифрлық-әріптік код арқылы образ беру

Мысалы, 1847 жыл – Қапал бекінісінің салынуы. 18 – бз – бұзау, 47 – трж – тәж. Бейне. Қапал бекінісінде тәж киген бұзау тақта отыр. Немесе осы жылы Кенесарының көтерілісі жеңіліс тапқанына ассоциация жасаса болады.

1804 жылы Бонапарт өзін император деп жариялады. 18 – бз – бұзау, 04 – тары. Бейне: Бонапарт тақта отырып, оң жағындавғы бұзауға қолмен тары беріп отыр.

Әлемдегі ең биік сарқырама – Анхель сарқырамасы, биіктігі – 1054 м. Ол оңтүстік Америкада орналасқан. 10 – бм – БМВ , 54 – пстр – патрон. Бейне: Анхель ди Мария (футболшы) БМВ мініп алған, қолында патрон. Сарқыраманың үстінен секірейін деп жатыр.

баспаға әзірлеген

Бегімхан  Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >>

Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар облысы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Просмотров: 9 | Добавил: shakhibbeker | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: