09:39
Жады-нама

ФОТОГРАФИЯЛЫҚ ЖАДЫНЫ ДАМЫТУ ЖОЛДАРЫ

Артық сөзді тап

Бір қағазға мәтін жазып, оны қысқа уақыт ішінде қарап шық. Көмекшің екінші қағазға сол мәтіннің көшірмесін жазады, бірақ ішіндегі 2-3 сөзді өзгерту керек. Ал сен сол сөздерді тез арада табуың керек. Жаттығу жасаған сайын іздеуге кететін уақытты азайта беру керек.

 

Шульте кестесі

Шульте кестесі фотографиялық жадыны жақсартуға мықты көмектеседі. Себебі мұнда цифрды ғана емес, оның орналасқан жерін де есте сақтау керек. Бұл байқампаздықты, көру арқылы есте сақтауды жаттықтырады. Шульте кестесін орындау шыдамдылықты талап етеді. Зейінді бір нүктеге шоғырландыру арқылы сыртқы факторлардың әсеріне назар аудармауға көмектеседі.

 

Ассоциация

Суретті, бөлменің ішін, пейзажды жаттау кезінде заттардың бір-бірімен байланысын табу керек. Заттарды бір-біріне байлау керек. Мысалы, пейзажда көл мен қайықты, қоға мен қамысты, балық пен шағаланы, көбелек пен гүлді қатар жаттау керек. Сонда көлді ойлағанда, автоматты түрде қайық еске түседі. Қайық балықшыны, балықшы балықты, балық шағаланы еске түсіреді.

Цифрмен де дәл солай жаттығу керек. Әр цифрды бөлікке бөліп, әрқайсысынан сөз шығарып, сөйлем құрасақ, 20 шақты цифрды бірден жаттау оңай болады.

баспаға әзірлеген

Бегімхан  Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >>

Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар облысы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Просмотров: 13 | Добавил: shakhibbeker | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: