23:33
Жады-нама

ФОТОГРАФИЯЛЫҚ ЖАДЫНЫ ДАМЫТУ ЖОЛДАРЫ

Айвазовский әдісі

Иван Айвазоский – тегі орыс-армяндық суретші, маринист. Ол теңіз толқынын бір сәтке тоқтатып, кенепке сол қалпында түсіретін болған. Бұл деңгейге жету үшін суретші өте көп жаттыққан. Теңізді жиі бақылап, көзін жұмып, қиялында суретті тірілте білген.

Осы әдіспен сен де жадыңды жаттықтыра аласың. Бір затқа, пейзажға немесе адамға 5 минут бойы мұқият қарап шық. Сосын көзді жұмып, қиялыңда бүге-шігесіне дейін қалпына келтір. Немесе қағаз бен қалам алып, сурет салсаң болады. Суретте көрініс толыққанды шығады.

 

Сіріңке әдісі

Сіріңкені жаттау ойыны әрі пайдалы, әрі жадыны жаттықтыратын мықты құрал. Столға 5 сіріңке тастап, бірнеше секунд ішінде орнын жаттап алу керек. Сосын теріс қарап, басқа 5 сіріңкемен соның көшірмесін құрастыр.

Бастапқыда бұл жаттығу қиынға соғуы мүмкін. Егер бірден жаттап алу мүмкін болмаса, сіріңкелерге тағы бір қарап ал. Жаттыға келе нәтиже жақсара бастайды. 5 сіріңкемен жұмыс істеу оңайға соққанда, тағы бір сіріңке қос.

Бұл жаттығу көру арқылы есте сақтау қабілетін жақсартады. Оның үстіне ойында азарт бар, әр ойнаған сайын жақсы нәтижеге жетуге ұмтылдырады.

баспаға әзірлеген

Бегімхан  Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >>

Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар облысы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Просмотров: 15 | Добавил: shakhibbeker | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: