14:03
Жады-нама

БАЙҚАМПАЗДЫҚТЫ АРТТЫРУ ЖОЛДАРЫ

Талдау жаса

Қойын дәптерің болсын. Жазу арқылы ойымыз жүйеленеді. Саябаққа барып, не көріп тұрғаныңды жаз. Ерекше нәрселерді назардан тыс жіберме. Қандай құс ұшып жүр, адамдардың киімінің түсі, балалар мінген велосипед, т.б. Қандай зат маңызды, қайсысы маңызды емес екенін өзің шеш. Тек саябақ емес, офисте, дүкенде жүріп те бақылауды жалғастыр. Жұмыстағы әріптесің күніне неше рет телефонмен сөйлеседі? Автобустағы адамдардың көпшілігі қандай түсті киім киген? Сатып алушы затты сатып алардан бұрын неше рет тексереді? Ары қарай өзің қорытынды жаз. Мысалы, сатып алушы бірінші қажеттіліктегі затарды (нан, сүт, шекер, т.б.) тексерместен бірден арбаға салады. Ал косметиканы бірнеше рет тексеріп, құрамын оқиды. Жұмыстағы әріптесің аптаның төрт күні көк көйлек, жұма күні жасыл көйлек киеді. Еркектің көйлегінен дақ көрсең, сосын көліктен баланың креслосын көрсең, демек, дақты баласы жұқтырғанын шамалай бер.

 

Күнделік жаз

Байқампаз болғың келсе, күнделік жазуды қолға ал. Күн сайын ерекше өткен оқиғаларды түртіп отыр.

баспаға әзірлеген

Бегімхан  Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >>

Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар облысы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Просмотров: 14 | Добавил: shakhibbeker | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: