09:31
Жады-нама

БАЙҚАМПАЗДЫҚТЫ АРТТЫРУ ЖОЛДАРЫ

Ұсақ бөлшектерге мән бер

Жұмысқа күн сайын бір жолмен барасың ба? Онда ұсақ бөлшектерге мән беруді баста. Солай жасау арқылы байқампаздық әдеті қалыптаса бастайды. Мақсатты түрде әртүрлі заттарды байқаған сайын басқа салада да байқампаз бола бастайсың. Жиі баратын кафенің алдында қандай ағаш өсіп тұр? Басшың жиі киетін көйлектің түсі қандай? Офис алдында қандай көліктер тұрақта тұр? Таңғы жеті мен кешкі жетіде көшеде қандай дауыстар естіледі?

Одан бөлек тез өтіп кететін нәрселерді де аңғар. Мысалы, кезекте тұрсаң, өзіңнен бұрын тұрған адамдардың қалай киінгенін, шашының түсі, бет-жүзін бақыла. Бастысы, тым тесіліп қарамасаң болғаны. Мейрамханада адамдар қандай тамаққа тапсырыс бергенін бақыла. Байқампаз болу үшін ұсақ бөлшектерді назардан тыс қалдырмау керек.

 

Ешкімді сынама

Бұл жерде басты ереже – ешкімді сынап-мінемеу қажет. Бәріне нейтралды қарау керек. Үстіне нашар, лас киім киген адам расында қиналып жүрген болуы мүмкін. Қымбат көлік мінген адам ақшасын төлеу үшін үш жұмысты қатар алып жүрген болуы мүмкін. Қабағы кіртиіп тұрған әйел ауырып тұрған болуы мүмкін.

баспаға әзірлеген

Бегімхан  Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >>

Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар облысы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Просмотров: 16 | Добавил: shakhibbeker | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: