09:15
Жады-нама

БАЙҚАМПАЗДЫҚТЫ АРТТЫРУ ЖОЛДАРЫ

Байқампаз болу, айналаңда не болып жатқанынан хабардар болу өмірде өте маңызды. Бұл қабілет өмірде болсын, жұмыста болсын жаңа қырымызды ашады. Бақылау мен қарау – екі түрлі нәрсе. Қарау дегеніміз – тек көру, болып жатқан ақпаратты ары қарай қолданбау. Бұл кезде сен ештеңені есте сақтауға, мағынасын ұғуға тырыспайсың.

Ал бақылау, байқау кезінде айналаға қарап, барлығын жадыда сақтауға тырысамыз. Ол не үшін осылай болып жатқанын ұғамыз, сұрақ қоямыз, талдаймыз. Бақылау арқылы маңызды еместерін алып тастап, тек біз үшін маңызды тұстарын екшейміз. Оны дедукция деп атайды. Назарды бұзбай бақылау арқылы кейін толыққанды бір шешімге келеміз.

 

Бақыла

Жай қарау мен бақылаудың айырмашылығын түсіну үшін мына жаттығуды жасап көр. Қолыңа қалам, қағаз алып, бөлмеңде қандай заттар бар екенін есіңе түсіре отырып жазып шық. Біткен соң айналаңа қарап, нақты қандай заттар бар екенін қарап, өзің жасаған тізіммен салыстыр. Біз күн сайын қаншама заттарды ұстаймыз, қолданамыз, бірақ бар екеніне мән бермейміз, соны байқадың ба? Осы жаттығуды күн сайын бір рет жасап тұр. Сонда бірте-бірте көп затты назарыңда ұстайтын боласың.

 

Айналаға саналы түрде қара

Байқампаз адам айналаға, табиғатқа саналы түрде қарайды. Оны солай болу керек деп қабылдамайды. «Күн неге домалақ, неге алыста тұр, жақын тұрса не болады, түнде қайда кетеді, ай қалай жарқырайды? Ол жай әшейін тас бола тұра қалай жарық бөледі? Ай неге фазаға бөлінеді?» деп әр нәрсеге мән береді. Дүкенге барсаң да дәл осылай айналаға мән беруді баста. Дүкеннің сөресінде не өзгерді, көшеде қандай жаңа нәрсе пайда болды? Не нәрсе қанша уақыттан бері өзгеріссіз тұр? Үйге барған соң дүкендегі, көшедегі хал-жайды есіңе түсіріп көр. Қаншауын есте сақтай алдың?

баспаға әзірлеген

Бегімхан  Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >>

Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар облысы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Просмотров: 15 | Добавил: shakhibbeker | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: