20:23
Жады-нама

ҚҰРАН КӘРІМДІ ЖАТТАУ ТӘСІЛДЕРІ

Белгілі қари Мишари Рашид айтқан кеңестер

1. Құранды Алла разылығы үшін жаттау.

Құранды жаттағандардан қалып қалмайтын деп немесе мақтану үшін жаттау дұрыс емес. Амалдар ниетке байланысты.

2. Құран жаттау алдында жоспар құру.

Мысалы, «бір аптада Құранның бір бетін жаттаймын» немесе «бір күнде 3-4 қатар жаттаймын» деген сияқты жоспар құру.

3. Өз уақытың мен іс-әрекеттеріңді реттеп алып, Құранға бөлінген уақыттарыңды жіберіп алмай, табандылық таныту.

Яғни, апта күндерінің ішінде қай күні босайтыныңды анықта. Сол босаған күнге Құран уақытын белгілеп, өзіңе кесте құр.

4. өзіңе тиімді уақыт пен ыңғайлы орынды таңдап ал.

Мысалы, үйде кішкентай балалар көп болса немесе үйде қандай да бір ыңғайсыз жағдайдалр туындаса, өзіңнің бөлмеңе кіріп жатта немесе мешітке баруыңа да болады.

5. Құран жаттауда өзіңе жеке бір Құран кітабын арнағаның жөн.

Яғни, Құран жаттағанда тек бір ғана Құраннан жаттаған дұрыс. Себебі сол Құранның әріптері мен аяттардың орналасу тәртібіне көзің үйренеді. Бұл есту мен көру арқылы есте сақтау қабілетін күшейтеді.

6. Алғашқыда кездесетін қиындықтарға шыдамдылық пен төзімділік таныт.

Құран жаттай бастағанда әркімнің басынан өтетін қиындық – әріптердің дыбысын дұрыс шығармау. Құрандағы қиын сөздердің дұрыс айтылуына мән беріп, тіліңді сындыр. Осы кездегі қиындықтарға сабыр ет. Себебі спортпен шұғылданған кісі бастапқыда әбден қиналады. Сол сияқты бастапқыда қиналу – заңдылық.

7. Жаттаған сүрелеріңді ұстазға тексерткенің абзал.

Ең көп оқылатын «Фатиха» сүресінің өзінде қате кетіп жатады. Өзіміз қанша оқысақ та, қатемізді байқамауымыз мүмкін. Сондықтан жаттаған сүрелеріңді ұстазбен отырып талқылап, қателерін түзеткізіп тұр.

8. Жаттаған аяттарыңның қысқаша тәпсірін біле жүр.

Құран сүрелерін жаттаумен қатар олардың қысқаша мағынасы мен тәпсірін біле жүр. Құранды арабшасынан оқығанның сауабы көп, ал мағынасын түсініп оқысаң, сауабы одан да көп болады.

баспаға әзірлеген

Бегімхан  Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >>

Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар облысы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Просмотров: 23 | Добавил: shakhibbeker | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: