09:17
Жады-нама

КІТАПТЫ ЕСТЕ САҚТАУ ӘДІСІ

Қазіргі заманда кітап деген өте көп. Кітап оқитын адам, әрине, жақсы. Бірақ оқыған кітабын ұмытып қалатыны жаман. Әсіресе, бір апта өтпей жатып, кітаптың мазмұнын айта алмай «қысқасы, қасқырмен алысатын бір жігіт туралы» деп басын қасып тұрады. Оқыған кітапты ұмытпаудың тәсілдері бар. Оның алғашқысы.

 

Қорытынды жасау

Қорытынды жасау дегеніміз – үш ай бойы егін егіп қиналған шаруаның астықты жинап алуымен бірдей. Егер шаруа егінді жинамаса, ол жаңбырға, суыққа ұрынып, дым пайда алмас еді. Сол сияқты әрбір оқыған кітапқа қорытынды жасалмаса, бастан бал-бұл ұшты дей бер. Қорытындыны кітаптың әр тақырыбына, бөліміне, тарауына жасау қажет. Оған көп уақыт кетпейді. Ойша немесе жазбаша ең маңызды идея не оқиғаларды жинап, қорыту қажет.

 

Конспект жазу

Бұл әдіс қарапайым болғанмен, есте сақтаудың ең озық тәсілі. Қандай кітап оқысаң да, ішіндегі негізгі ойларды блокнотқа түсіріп отыру өте пайдалы. Автормен келіспейтін тұтсраың немесе өзіңнің қосатын ойларың болса, бірге жазып кеткен жөн. Кітаптың мазмұнын жазып шыққың келмесе де, өзің түйген ойларды (инсайт) жазып шығуға болады. Егер жазуды ұнатпайтын адам болсаң, онда бәрібір үйренуге тура келеді. Адам жазу барысында ойланады, ойы жүйеленеді, көркем жазуды үйренеді.

Конспект жасаудың ең жақсы жолы – кестедегідей етіп, үш бөлік сызу. «Конспект» деп берілген үлкен бөлікке кітаптың негізгі идеяларын жазып шығу керек. «Қорытынды» бөліміне 7-8 сөйлеммен қысқаша қорытынды жазу керек. «Кілт сөздер» бөліміне конспектіде айтылған негізгі кілт сөздерді жазу керек. Арада бірнеше уақыт өткенде кілт сөздерге қарап, конспект қандай мәселенің жүгін көтергенін біле аласың. Ал қорытындыға қарап, аз ғана уақыт ішінде кітаптың не туралы екенін еске түсіресің.

баспаға әзірлеген

Бегімхан  Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >>

Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар облысы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Просмотров: 38 | Добавил: shakhibbeker | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: