13:48
Жады-нама

МӘТІН, ӨЛЕҢ ЖАТТАУ, ЖҰРТ АЛДЫНДА СӨЙЛЕУ ӘДІСІ

Көпшілік алдында керемет сөйлеу құпиясы

Ерте ме, кеш пе көпшілік алдына шығып сөз сөйлеуге тура келеді. Сондайда екі сөздің басын құрай алмай тұратынымыз ұят. Ойыңда құраған сөйлемдер аузыңнан шыққанда, біртүрлі қарабайыр, бір-бірімен үйлеспей, айтар ойың мүлде басқа боп шығады. Жақсы сөйлеу үшін де жақсы дайындық керек. Дайындық деген – не айтатыныңды алдын-ала білу, жоспарлау, құрылымын жасау, түйін сөздерді белгілеу. Кез келген айтылар сөз үш бөлімнен тұрады: кіріспе, негізгі бөлім, қорытынды. Осы үш бөлімде не айтатыныңды жоспарлау керек. Не үшін сөйлейтініңді, сөйлеудегі мақсатыңды айқын біл. Сөйлеу керек екен деп әрдеңені сөйлей берсең, абырой қоспақ түгіл мазаққа қаласың.

 

Сырт келбетіңе мән бер

Көрермен алдымен шаш үлгісіне, киіміңе қарап баға береді. Лас киініп, тазалық туралы айтсаң; ұсқынсыз киініп, елдік туралы айтсаң, ешкімге өтпейді. Жұрттың назарын басқаға аударып тұратын артық жылтырақ заттардан арылу керек.

 

Кідіріс жасау

Сөз беріле сала, сахнаға шыға сала, апыл-ғұпыл сөз бастап кету дұрыс емес. жұрттың тынышталуын күтіп, сәл кідіріс жасау керек. Ол бірнеше секундқа созылуы мүмкін. Көрерменге қарап, біреудің назарын тауып, соған қарап тұрып, сөз бастау керек.

 

Кіріспені қызықты мәтіннен баста

Кез келген жарнаманың алғашқы 2-3 секунды сатып алушының назарын аударудан басталады. Сөз сөйлерде көпшілікті баурап алу үшін қызықты оқиғадан немесе статистикадан бастау керек. Ол қай жерде сөйлеп жатқаныңа, нені айтатыныңа байланысты. Тойда айтуға жарайтын қызықты әңгімені жиналыста айту орынсыз болуы мүмкін. Мысалы, жаңа кітаптың тұсаукесерінде: «Әлемде жылына шамамен 800000 кітап жарық көреді екен...» деп бастасаң, жиналған жұрт бірден елең етері анық. Ары қарай «мұнымен не айтқысы келді?» деп соңына дейін тыңдайды.

баспаға әзірлеген

Бегімхан  Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >>

Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар облысы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Просмотров: 25 | Добавил: shakhibbeker | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: