11:05
Жады-нама

МӘТІН, ӨЛЕҢ ЖАТТАУ, ЖҰРТ АЛДЫНДА СӨЙЛЕУ ӘДІСІ

Мәтін жаттау тәсілі

Біз өмір бойы ақпаратпен жұмыс істейміз. Туғаннан бастап жер қойнына кеткенше сансыз ақпаратпен күн сайын бетпе-бет келеміз. Мектепте, университетте, отбасылық өмірде көптеген мәтінді, мәтінді есте сақтау қажеттігі туады. Жаңа мәтіннен біз әдетте мына нәрселерді жаттаймыз:

  • Жиі қайталанған ақпаратты;
  • Таңғалдырған ақпаратты;
  • Стресс туғызған ситуацияны;
  • Өзің ғана сезінген кішігірім жаңалықтарды (инсайттарды);
  • Өзіңнің жеңістерің мен жеңілістеріңді;
  • Адамның түрі, заттары, сөздері;
  • Қуаныш, реніш және көңіліңді қалдырған нәрселерді;
  • Сезінген нәрселерді, эмоцияны, иіс және түсті.

 

Кез келген жаңа ақпаратты оқыған соң, екі күннен кейін оның тек 20%-ын ғана есте сақтаймыз. Бұлай ұмытып қалмас үшін төмендегі сұрақтарға жауап беру керек. Сосын барып мәтінді оқуға кірісу қажет.

  • Не үшін, қандай мақсатпен оқисың?
  • Жай қызық үшін бе?
  • Әлде біреуге бөлісу үшін бе?
  • Жаңа ақпарат алу үшін бе?
  • Әлде біліміңді тереңдету үшін бе?

 

Мәтінді оқу кезінде кілт сөздерге мән беру керек. Кілт сөз тұтас бір мәтіннің мағынасын қамтиды. Кілт сөзді еске түсіргенде барлық мәтін жарыққа шыға келеді. Бір мәтіннен бірнеше кілт сөз шығуы мүмкін. Солардың арасында байланыс жасай білу керек.

Мәтінді жаттаудың мынадай кезеңдері бар:

  • Жаттаудың мақсатын айқындау;
  • Мәтінді түсіну;
  • Талдау (анализ);
  • Мәтіннің негізгі мағыналық ядросын табу;
  • Мәтіннің әр бліктерінің арасында байланыс орнату;
  • Қорытынды жасау. (жалғасы бар)

баспаға әзірлеген

Бегімхан  Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >>

Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар облысы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Просмотров: 25 | Добавил: shakhibbeker | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: