22:40
Жады-нама

АДАМНЫҢ ТҮРІН ЖАТТАУ ӘДІСТЕРІ

Шаш үлгісі

Адамды жаттау үшін дұрыс сипаттай алу керек. «Киіміне қарай қарсы алады, ақылына қарай шығарып салады» десек те, адаммен кездескенде алдымен көзге түсетіні – адамның шаш үлгісі. Оны өзгертіп, адамды танымастай етуге болады. Шаш қара, ақ, қоңыр түсті, бұйра, толқынды, тік, ұзын, қысқа, өрілген, каре болуы мүмкін. Немесе адам тақырбас болуы ғажап емес.

 

Көз – жанның айнасы

Ары қарай адамның көзіне қарайды екенбіз. Көздің негізгі түстері: көк, қоңыр, қара, жасыл, сұр. Ал сипаттары өте көп. Тана көз, бота көз, күлім көз, көген көз, қой көз, қоңырқай көз, мөлдір көз, мойылдай көз, тұнжыр көз, нәркес көз, тостағандай жанар, елегізген еліктің жанарындай, т.б. Көз – адам жанының айнасы болғандықтан, оған қатысты сөздер өте көп. Адамның түрлі психикалық-физиологиялық ерекшеліктерін жаутаң көз, жылан көз, қырғи көз, ойлы көз, отты көз, өткір көз деп айту арқылы білдіреді.

 

Бас пішіні

Адамның бас пішіні де маңызды. Бас формасы домалақ, төртбұрышты, овалды, трапециясы, сопақ болуы мүмкін.

 

Қас

Қас та көп нәрседен хабар береді. Бұта секілді қалың қастар бар. Жіңішке қас, имек қас, бір-біріне қосылып кеткен қас, терілген қас, жұлынған қас, мүлдем қырып тастаған қас, қаламмен бояп қойған қас, т.б.

баспаға әзірлеген

Бегімхан  Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >>

Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар облысы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Просмотров: 30 | Добавил: shakhibbeker | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: