20:22
Жады-нама

АДАМ ЕСІМІН ЖАТТАУ ЖОЛДАРЫ

Ішіңнен бірнеше рет қайтала

 Танысқан адамның есімін ішіңнен бірнеше рет қайтала. Құр есімін ғана емес, қосымша ақпараттарды да қайталау артықтық етпейді. Мысалы, қайда жұмыс істейтіні, туған жері, т.б.

 

Образ бер

Егер ол қандай да бір танысыңа немесе танымал адамға ұқсаса, соған сай обарз беру керек. Мысалы, қара көзілдірік киген болса, Қайрат Нұртас екеуінің бір жерден көзілдірік сатып алып тұрғанын елестету. Адам аты Заттыбек болса, Заттыбек көпбосын екеуі шөп тасып жүргенін елестет. Мынадай тағы бір қызық тәсіл бар. Танысқан адамның аты Айнұр, ал қызметі аспаз болса, өзің танитын барлық Айнұрларға «Аспазшы» деген образ бер.

Адам аты-жөні Қанатбек Исаев болса, екі қанатпен көкке ұшып бара жатқан Иса пайғамбарды елестет. Адам аты Арыстан болса, телефонын шұқылай берсе, арыстанның мойнына мініп, селфи жасаған кейпін елестет. Адамның қиялы деген жүйрік. Кез келген нәрсеге бораз беруге болады.

баспаға әзірлеген

Бегімхан Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >>

Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар облысы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Просмотров: 39 | Добавил: shakhibbeker | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: