21:36
Жады-нама

ПАРОЛЬ, ПИН-КОД, ҚҰПИЯСӨЗ ЖАТТАУ ӘДІСТЕРІ

Пинкод жаттау да кейбіреуге қиын болуы мүмкін. Бірақ ешқашан оны карточканың сыртына жазуға болмайды! Одан да бір әдісті үйреніп алып, өмірбақи қолдану керек. Бірінші әдіс: пинкодты өзіңе ыңғайлы етіп өзгертіп алу. Алғашқы екі цифр ретінде өзің жақсы көретін санды ал: мысалы, 77. Ал келесі екі цифр үшін карточканың соңғы екі санын қолдан. Сонда әр картаға әртүрлі пинкод шығады әрі ұмытпайсың. Ескерту: Цзинь елінің императоры Ай-цзунның өлген жылын пинкод ретінде қоюдың қажеті жоқ, яғни 1234 жыл.

Тағы бір әдіс: цифрды оқиғаға айналдыр. Мысалы, 5724 – бес дөңгелегі бар жеті велосипедті екімен оқитын төрт аю айдап барады. 4561 – соғыс біткен соң, біраз дайындалып Гагарин ғарышқа ұшты. 9608 – 96-жылы мектепке бардым, 2008 жылы университетке түстім.

Сан жаттауды үйрететін бөлімді жақсылап меңгерсең, сенде енді пароль жаттау проблема болмадйы. Мысалы, 2733. 27 – кгж – көже; 33 – шдшд – шаш, Демек, 2733 – ішіне шаш түсіп кеткен көже.

Тағы бір мысал: 4573. 45 – трсп – тіс; 73 – жйшд – жиде. Демек, 4573 – тісінің арасына жиде тұрып қалған жылқы дейік.

Түрлі тәсілдерді қолдануға болады. Ол сенің шығармашылық қабілетіңе байланысты. Кодты телефон номер ретінде сақтап қоя аласың. Мысалы, 87073492333. Қай цифр екенін, қайда тұру керектігін өзің шешесің. Тек контактіні «Каспи банк» деп емес, «Жауап берме» деген сияқты елеусіз аттар қою қажет.

 

Телефон нөмірді қалай жаттау керек?

Телефон нөмірін жаттаудың мысалын берейік. 87717231876. 8 бен 7-ні жаттап керек емес, себебі барлық нөмір содан басталады. Енді цифрды жаттауға ыңғайлы болуы үшін бөлейік: 71 72 31 87 6. Әріптік-цифрлық код бойынша: 71 – жылқы, 72 – жигули, 31 – шыбын, 87 – зажигалка, 6 –лай. Образ берсек: жылқы жигулиге мініп алған. Маза бермей жатқан шыбынды зажигалкамен күйдірем деп, байқамай тормоз басып қалды да, алдыңғы терезеден ұшып түсіп, лайға күмп берді.

баспаға әзірлеген

Бегімхан Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >>

Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар облысы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Просмотров: 39 | Добавил: shakhibbeker | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: