21:20
Жады-нама

ПАРОЛЬ, ПИН-КОД, ҚҰПИЯСӨЗ ЖАТТАУ ӘДІСТЕРІ

Қуана берсең болады, адам 5-6 цифрдан кейін келесі келетін цифрларды ұмытып қалады. Сен инстаграмның паролін енгізіп жатқанда, қасыңда адам болса, қиналмай жаза бер. Ол бәрібір 9-10 цифрдан тұратын комбинацияны жаттай алмайды. Әрине, ол есте сақтау қабілетін жаттықтырған адам болса, онда қауіп бар. Бұл жерде негізгі проблема – сенің өзің. Өзің қойған парольді өзің ұмытып қаласың. Соны болдырмас үшін бірнеше жолын ұсынамыз.

Әрине, кез келген уақытта сайттағы құпиясөздерді сақтайтын бағдарламалар бар. Бүкілін сол жерге сқтайсың. Бірақ біреу оны бұзып ашып алса, бүкіл паролің кетті дей бер. Асылында, миымыз қанша пароль болса да, жаттау қабілетіне ие. Әрдайым еске түсіріп, дәл шыққан құпиясөздер үшін кішігірім марқайып қаламыз.

Ең көп тараған құпиясөздер: 123456, qwerty, пароль, password. Бұларды он мүмкіндіктің біреуінде тауып алады. Құпиясөзді анықтайтын бағдарламалар да бар. Оның ең үлкен қаупі: егер сен барлық жерге бір пароль жазсаң, онда бір паролің табылса, бәрінен айырылдым дей бер. Сондықтан әрбір логинге басқаша пароль орнату керек.

Көпшілікке таныс парольді қолдансаң да, оны барынша күрделендіруге болады. Мысалы, құпиясөздің соңына сайттың алғашқы үш әрпін қою: 123456fac, 654321ins, qwertytik, т.б. Бұл аса сенімді құпиясөз емес, бірақ барлық жерге бір пароль енгізуден әлдеқайда жақсы.

Немесе құпиясөз ретінде сайттың алғашқы үш әрпінен сөз құрауға болады. Мысалы, kitapal.kz сайты үшін: К, Ш, Т. Ken(en), Ize(t), Tur(ar). Демек, пароль: KenIzeTur.

Тағы бір әдіс бар. Өзің жақсы білетін, ұмытпайтын бір ұпиясөз ойлап тап. Құрамында бас әріп, цифр, символ болсын. Мысалы: GylymT4PPaiMaktanb4! – ғылым таппай мақтанба! Енді осы құпиясөзді әрбір сайтқа қолдана аласың. Facebook үшін. GylymT4PPaifacebookMaktanb4! Tiktok үшін: GylymT4PPaitiktokMaktanb4! Gmail үшін: GylymT4PPaigmailMaktanb4! Бастысы құпиясөзді ұмытпасаң, ортасына не басына, соңына қоя бересің. Одан да қиын қажет болса, бірінші әріптен кейін кез келген сайтты қоя беруіңе болады. (жалғасы бар)  

баспаға әзірлеген

Бегімхан Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >>

Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар облысы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Просмотров: 45 | Добавил: shakhibbeker | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: