21:24
Жады-нама

САН ЖАТТАУ ТӘСІЛДЕРІ

Күрделі сандарды жаттау тәсілі (әріптік-цифрлық код)

Жай сандарды жаттау тәсілімен қарапайым өмірде тым жиі кездеспейтін сандарды жаттай аласың. Ал күн сайын көп цифрмен жұмыс істесең ше? 186883580885 деген цифрды жаттау үшін алты аққаланы қайдан табамын? Мұндайда екінші әдіс бар. Мұнда цифрларға әріптік код береміз. Бұл жерде дауысты дыбыс жоқ, тек дауыссыз дыбыстарды аламыз.

1-Б

6-Л

2-КГ

7-Ж

3-ШД

8-3

4-ТР

9-ҚҒ

5-СП

0-НШ

 Бұл кодтарды көбейту кестесін жаттап алғандай жаттап алу керек. «Б» деген әріпті ойлағанда, бірден «1» деген цифр санаға келу керек. «З» әрпін көргенде, бірден «8» цифры ойға келу керек. Ары қарай осы кодтар арқылы кез келген цифрды сөзге айналдырамыз. Жоғарыдағы кестеге қарасаң, әр цифрдың бір немесе екі әріптен тұратын коды бар. Екі әріптің кез келгенін қолдансаң болады. Қай әріптер арқылы сөз құрау жеңіл болса, соны жаса.

Ескеру керек маңызды мәселе! Сөздің алғашқы екі ауыссыз дыбысын ғана қолданамыз. Одан кейінгі келген дауыссыз дыбыстар есептелмейді. Мысалы, «бекіре» деген сөзден «б» және «к» деген алғашқы екі дауыссыз дыбысты аламыз. Сандық-әріптік код бойынша б-1, к-2. Демек, бекіре – 12 деген сан. Тек «банан» сөзі ғана бұдан тыс, ол 100 санын білдіреді.

Мысалы, 3459 – шдтр спқғ – шДтР СпқҒ – ДАРТС СЫҒАН – дартс ойнап жатқан сыған. Біз бұл жерде әріптердің біреуін таңдап, сөз құрастырдық.

87 – зж – ЗаЖигалка

496 – 4-96 – тр қғл – тары қол

9192 – 91 – қғб – қабан; 92 – қғкг – қойкезек, Қабан қойкезекке шығып, қой бағып жүр.

2250 – 22 – кгкг – Леди Гага; 50 – спнм – пима; Леди Гага сахнаға қара пима киіп шығып, ән салды.

182 – 1 – бие; 82 – зкг – загс; Загстан неке куәлігін алып шыққан бие мен айғыр.

Дәл осылай 0-ден 9-ға дейін; 10-нан 99-ға дейін; 100-ден 999-ға дейін код беріп тастауға болады. Негізі орыс және ағылшын алфавитіне арналған дайын нұсқасы бар. Бірақ әр елдің өзінің нұсқасы болуы маңызды. Себебі біз қазақ тілінде ф, ц, ч, щ деген әріптерден көп сөз құрай алмаймыз.

Кейде ешқандай кодқа жүгірмей-ақ, цифрды бөліп, мағына беруге болады.

Мысалы, 1395 – 1 мин 39,5 секунд – 500 метрді жүгіріп өтетін уақыт.

910115 – 91-жыл, бірінші ай (қаңтар), он бесі – Мағжанның туған күні.

36685 – 365 – кібісе жыл, 85 – атамның жасы. Атам 85-ке толған жыл кібісе жыл болды.

баспаға әзірлеген

Бегімхан Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >>

Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар облысы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Просмотров: 34 | Добавил: shakhibbeker | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: