11:38
Жады-нама

САН ЖАТТАУ ТӘСІЛДЕРІ

Жай сандарды жаттау тәсілі

Сандарды жаттау қиын, өйткені іш пыстырады. Бірден артық қолдана алмайсың. Ал оларға бейне берсең, қиялыңа қарай түрлі обаздар шығара бересің. 0-ден 9-ға дейінгі цифрларға бейнесіне қарай образ беруге болады:

0 – дөңгелек, жүзік, жұмыртқа.

1 – балауыз шам, қылқалам, қалам, жебе, шеге.

2 – аққу, қаз, үйрек, кобра.

3 – шанықшы (айыр, жамбас, төс, ерін.

4 – үстел, желкенді қайық, жалау.

5 – қол (бес саусақ), ілмек, тәрелкесі бар барабан.

6 – ойын сүйегі, пілдің мұрны, шие, құлып.

7 – шалғы, бумеранг.

8 – аққала, құмсағат, әйел.

9 – гүл, таяқшасы бар шар, теннис ракеткасы, аталық ұрық.

10 – қасық пен тәрелке, бейсбол таяғы мен добы.

Өзің таңдап алған обарздың суретін сал. Ол үшін суретші болу міндетті емес. түрлі-түсті болу керек. Қолыңнан келгенінше жаса. Сосын суретті жап та, ойша сандарды образымен айтып шық. Санаңда обарзды үлкейт, қайта кішірейт. Иісін сезін, даусын есті, сезін. Сандарды обарзымен бірге керісінше санап шық. Кез келген бір санды кездейсоқ айт та, ал образын санаңда келтір.

Юұдан бөлек әр цифрға танымал адамдармен ассоциация жасасаң, бейне шығару оңай болады. Мысалы, 1 – Шумахер – машина, 3 – Үшкемпіров – күрес, 4 – Төреғали – ұлы дала, 5 – Беспаев – бозторғай, 7 – Джеймс Бонд – смокинг, 6 – Алтынбекова – волейбол, 2 – Тупак (two – екі) – рэп, т.б. Ол өз қиялыңа және танымал адамдарды қаншалықты жақсы танитыныңа байланысты.

Ал енді цифрмен берілген сөздерді жаттайық. Яғни нөмірленген сөздер. Айталық:

  1. Бас
  2. Ұйқы
  3. Программист
  4. Мектеп
  5. Кітап дүкені
  6. Арыстан
  7. Алма пирогы
  8. Жағалау
  9. Спорт
  10. Күн сәулесі

Егер жаттығу қиын болса, онда төмендегі мысалды негізге алып, қайтадан жасап көр.

- Балауыз шамды ерітіп, тақырбасқа тамызып жатқанын елестет.

- Көзіңе ұйқыға арналған таңғышты киіп алып, бүкіл көлді басына көтеріп қорылдап ұйықтап жатқан аққуды елестет.

- Жұмысқа костюммен әрі оң қолына айыр ұстап келген Билл Гейтсті (программист) елестет.

- Су бетіндегі қалқыма мектепке желкенді қайықпен келіп жатқан оқушыларды елестет.

- Кітап дүкеніне келіп, барабанды дарылдатып, кітабын іздеп жатқан танымал ақынды елестет.

- Доп іздеп жүрген арыстан кішірейіп, пілдің мұрнынан кіріп, құлағынан шығады.

 - Алма пирогын шалғымен кесіп, Баян сұлуға беріп жатқан Қозы көрпеш.

- Ыстық жағалауда күнге қыздырынп жатқан аққаланы елестет.

- Теннис ракеткасымен көбелек ұстап жүрген Усейн Болтты елестет.

- Күннің бетін жауып қалған бұлттарды қуу үшін бейсболдың таяғымен допты дәлдеп атады. Сонда бұлт көшіп, артынан Күннің сәулесі тарайды.

Берілген он мысал санаңда орын алып қалғанына бәс тігеміз. Дәл осылай ьірнеше рет жаттаққан соң, достарыңмен мынадай ойын ойнауға болады: 1-ден 10-ға дейін нөмірлеп, он үтрлі затты жазып шықсын. Сосын арасына 10 секунд кідіріспен оларды атап шықсын. Осы уақыт ішінде сен зат пен цифрға образ беріп үлгер және бәрін бір-бірімен байланыстыр. Сөйтіп достарыңа сандарды ретімен айтып шық. Олардың таңғалатыны айдан анық. Одан сайын таңғалдыру үшін берілген сандарды керісінше айтып шық.

Бұл әдісті пайдаланып, қарапайым кодтарды жаттауға болады. Мысалы, телефонның пин-кодын жаттайық: 3168. Телефонды айырға қадап, балауыз шамның үстінде ұстап ерітеміз. Сосын одан сайын сүйегін жасап, аққалаға сыйлаймыз. Әрине, пин-кодты тере берсең, жатталып қалады. Бірақ бірнеше ай қолданбасаң, бәрібір ұмытылады. Ал мынадай образ ешқашан ұмытылмайды.

баспаға әзірлеген

Бегімхан Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >>

Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар облысы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Просмотров: 40 | Добавил: shakhibbeker | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: