23:05
Жады-нама

ЕСТЕ САҚТАУДЫҢ ФРАНЦ ЛЕЗЕР ӘДІСІ

Біртүрлі образ беру

Мысалы, Ай және май деген екі сөзден қанша образ шығаруға болады? Айдың үстінде еріп жатқан май; майға қадалып тұрған Ай; майға шыжғырылып жатқан Ай, т.б.

 

Ұмытуды ұмытпа!

Бала кезімізде ата-әжеміз жолға шыққанда, беторамалдың ұшын түйіп қоятын. Кейін үйге келгенде түйінді шешетін. Неге десең, орамалдағы түйінді көрген сайын жасау керек нәрсе бірден есіне түсетін. Бұл әдіс осыған сүйеніп жасалған. Бір ақпаратты ұмытуға болады. Ол үшін төмендегі әдісті қарап шық.

Алдымен ол ақпараттың бізге қаншалықты қажетті, маңызды екенін ұғу керек. Өмірлік маңызы бар ақпаратты ұмытуға болмайды. Маңызды, бірақ жиі қажет болмайтын ақпаратты ұмытуға болады. Ол үшін ақпараттың ішінен тірек сөзді белгілеу қажет. Мысалы, Эйнштейннің салыстырмалылық теориясы бойынша, уақыт бір кезде ұзарады, бір кезде қысқарады. Бұл ақпараттан тірек сөз ретінде «салыстырмалылық теориясын» алуға болады.

Ақпаратты есте сақтап, бірнеше рет қайталап алған соң, оны санадан ысырып шығару керек. Ол үшін қайталауды тоқтатамыз және жаңа ақпарат оқимыз.

Уақыт өте келе ақпарат ұмытылады. Бірақ тірек сөзді қайталап тұру керек. Кез келген уақытта тірек сөз арқылы ақпаратты қалпына келтіре аламыз.

баспаға әзірлеген

Бегімхан Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >>

Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар облысы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Просмотров: 43 | Добавил: shakhibbeker | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: