08:22
Жады-нама

ШЕТ ТІЛІНДЕ СӨЗДІК ЖАТТАУ ӘДІСІ

Екі айда 2000 сздікті қалай жаттауға болады?

Тель-Авив университетінде жасалған зерттеуде бір тілден артық білетін адамдарда мидың қартаю процесі баяулайтыны анықталғаны белгілі. Екі тіл білетіндерден гөрі үш тіл білетіндер ми ауруына сирек ұшырайды. Үш тіл білетіндерден гөрі төрт тіл білетіндердің зейіні сергек болады.

Мектепте шет тілін үйрететін әдіс кемінде 10 жылға созылады. Ал бір тілде еркін сөйлеуге 1 жыл толығымен жетеді. 10 жылға созылған процесс оқушының ішін пыстырады. Мұндай тиімсіз әдіспен жүре бермей, күш пен ынтаны дұрыс әдіспен үйренуге жұмсау керек.

Ағылшын болсын, жапон тілі болсын, кез келген шет тілін үйренуде есте сақтау қабілетінің маңызы зор. Кез келген тілде ең көп қолданылатын 1000-2000 сөз бар. Осыны жаттап алу көп көмек береді. Ал осынша көп сөзді екі айда қалай жаттап алуға болады балалар шет тіліндегі сөздікті үлкендерге қарағанда тез жаттайды деген түсінік бар. Мүмкін үлкендер де жылдам жаттай алатын шығар?

Бала деген жетіс жасқа келгенде ана тілінде еркін сөйлейді. Оның мұғалімдері: ата-әжесі, әке-шешесі, бауырлары, балабқшадағы достары мен тәрбиешілері. Осы жеті жасқа дейін баланың сөздікқ қоры небары 1500-2000 сөз. Егер күнге шақсақ, әр күн сайын бір сөзден үйренген боп шығады.

баспаға әзірлеген

Бегімхан Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >>

Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар облысы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Просмотров: 55 | Добавил: shakhibbeker | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: