19:09
Жады-нама

МИДЫҢ БЕЛСЕНДІЛІГІН АРТТЫРАТЫН КЕЛЛИ ӘДІСІ

  1. Бір-бірімен байланысы жоқ сөздерді жаттау

Назарыңа бір-бірімен байланысы жоқ 30 сөз беріледі. Оны 2 минут ішінде оқып, жаттап алу керек. Сосын басқа қағазға бәрін жазып шығу қажет. Сөздердің орындары ауысып кетсе, ештеңе етпейді, ең бастысы, 30-дан қанша сөзді нақты есте сақтап қалатының маңызды.

Жаттығу

Төмендегі 30 сөзді 2 минут ішінде жаттап, сосын бетін жауып, дәл осындай бос кестенің ұяшықтарына жазып шық.

иммунитет

ғарыш

балға

суық

меңдуана

алтын

тұтқа

қарыз

балық

лақ

ағыс

Сібір

бөкен

неке

еркін

түрме

егіз

қазына

ырыс

рақат

маза

ине

қоңыз

бұлт

интернет

бағана

тапсырыс

мектеп

кітап

сезім

 

4. Бір уақытта сөздерді айту және мағынасын ашу (Струп-тест)

Бұл ерекше тестті 1935 жылы Джон Ридли Струп ойлап тапқан. Одан кейін психологияда кеңінен қолданыла бастады. Оның құрылымы қарапайым. Қағазға әртүрлі түстердің аты жазылады. Және бұл сөздер әртүрлі түспен беріледі. Сөз бен оның түсі сәйкес келуі мүмкін, мысалы, «қара» деген жазу қара түспен беріледі. Немесе сәйкес келмеуі мүмкін, мысалы, «жасыл» деген жазу сары түспен жазылған болуы мүмкін. Жаттығудың шарты мынадай: қызыл түспен жазылған «көк» деген сөзді көргенде, іштей «көк» деп айту керек. Дауыстап «қвзвл» деп айту керек. Яғни сөзді іштей айтамыз, ал түсін дауыстап айтамыз. Сөздер солдан оңға қарай оқылады.

Бұның қызық жері сол – мәтінді және түсті миымыздың әртүрлі бөліктері қабылдайды. Екеуін де бір сезгілде қозғай отырып, белсенді қыламыз.

 

Жаттығуларды орындаудың реттілігі бар. Бір аптаның бес күнінде есеп шығар. 6-күні, сенбіде санау мен сөз жаттауды орында. 7-күні Струп-тестіні жаса. Дәл осылай 10 апта, яғни 70 күн жасау керек. Күн сайынғы нәтижені қағазға жазып отыру керек: есепті неше минутта бітірдің, сандарды қанша минутта санадың, 30 сөздің қаншасын дұрыс таптың, Струп-тестіні қанша уақытта орындадың?

баспаға әзірлеген

Бегімхан Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >>

Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар облысы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Просмотров: 49 | Добавил: shakhibbeker | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: