23:10
Жады-нама

ЕСТЕ САҚТАУ ӘДІСТЕРІ

Интеллект-карта

Есте сақтауға көмектесетін ең жақсы құралдың бірі – интеллект-карта. Ол оңай боп көрінгенмен, оңай нәрсе емес. оны дұрыс құрастыра алсаң ғана уәде етілген пайдасын көре аласың. Ал оны дұрыс құрастырудың шарттары бар. Бұл жайында кітап та жазылған, авторы Тони Бьюзон. Интеллект-картаның мидың нейрондарына, ағашқа ұқсайтынын байқаған боларсың. Ми да осындай түрлі-түсті суретті жақсы сақтайды.

Қажетті нәрселер: 1. Проблема. 2. Қағаз не плакат. 3. Фломастер.

 

4-қадам. Бұтақтарды сыз

Негізгі суреттен шығатын бұтақтар ағаштың діңінен тарайтын бұтақ секілді ірі болу қажет. Сол арқылы оның маңызды екенін көрсете аламыз. Әр бұтаққа идеяны жазып қой. Осы бұтақтардан тарайтын сабақтарда идеяны ашатын, толықтыратын ақпараттар жазылады. Бұтақтар өмірдегідей қисық болғаны абзал. Сонда ми да оны оңай жаттайды.

 

5-қадам. Идеяны сурет арқылы көрсет

Бәріміз суретші емеспіз, алайда идеяны бейне арқылы көрсетуге қабілетіміз жетеді. Бейнелеу арқылы идеяны жақсырақ түсінеміз әрі есте жақсы сақтаймыз. Символдар, суреттер, логотиптер, коллаж, сызба, шимайлар тақырыпты ашып тұрса, ойланбай қоса бер. Түрлі түсті суреттер ақпаратты қабылдауды жеңілдетеді. Егер адамдарға 10000 сурет көрсетсең, ол соның 9800 суретін еш қиналмай есте сақтай алады. Өйткені адам миы көру арқылы суретті есте мықты сақтайды, егер сен осындай интеллект-картаның жүзін жасасаң, жүзі де есіңде тұрады. Өйткені әрқайсысы қайталанбас туынды. Интеллект-картаның суреттері айқын болса, әдемі көрінеді. Анық сурет анық ақпарат береді. Тұманда онша көрметінің сияқты, күн ашық кезде алыстағы таудың шыңдарын да анық көре аласың. Ақпаратты қабылдау жылдамдығы артады.

 

6-қадам. Бір сөзбен тобықтай түйін бере біл

Идеяны түсіндірем деп, ақ парақты мың сөзбен шимайлаудың қажеті жоқ. Әр бұтаққа бір-екі сөз жазсаң жеткілікті. Қысқа сөзбен түсіндіру өтімді келеді. Бірнеше тіркестен гөрі бір сөзді жаттау оңай. Қандай сөз идеяны ашады деп ойланған сайын миың да жылдам жұмыс істей бастайды. Миыңның ирек қолданылатын оң жақ бөлігін іске қос. Бұтақтың ұзындығы сөздің ұзындығымен бірдей болу қажет. Сонда бұтақтан тарайтын сабаққа жазылатын сөзбен арасы жақын болады, яғни тізбек әдемі көрінеді. Сонымен қатар, бір-бірімен байланысатын көп сабақ шығара аламыз. Интеллект-картаның маңызды элементтерін ерекшелеу үшін, оңай есте сақтау үшін сөзді ҮЛКЕН әріппен жаз. Баспа әрпімен жазсаң, әдемі, анық көрінеді. Сабақтардың сөзін ұсақ әріппен жаза бер.

(жалғасы бар)

баспаға әзірлеген

Бегімхан Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >>

Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар облысы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Просмотров: 49 | Добавил: shakhibbeker | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: