20:27
Жады-нама

ЕСТЕ САҚТАУ ӘДІСТЕРІ

Мекен әдісі

Саябақ – отбасымызбен уақыт өткізетін, ауасы тамаша, серуендейтін орын. Оның әрбір аумағында не бар екенін жақсы білеміз. Саябақтың ортасында отырып, әр объектіге бір сөзді не затты байлап көріңіз. Субұрқаққа, балмұздақ сататын дүкенге, велосипед жолағына, тирге, әткеншекк бір-бір сөзден жабыстырыңыз. Енді саябқаты ойша бір аралап, байлаған сөздеріңізді санап шығыңыз. Сіз енді осылай жасау арқылы бірден 20-30 сөді ұмытпай, естеп сақтап қаласыз.

Мекен әдісіне түрлі танымал жерлерді қолдануға болады. Бастысы ол жердің түкпір-түкпірін жақсы білетін болуыңыз керек.

 

Жаттығу

Ағылшын тілін үйреніп жүрсеңіз, онда төменде берілген сөздерді саябақтың (өзіңіз басқа орынды таңдасаңыз болады) әр бөлігіне орналастырыңыз.

TO RUN – ЖҮГІРУ

TO WALK – СЕРУЕНДЕУ

TO JUMP – СЕКІРУ

TO RIDE A BIKE – ВЕЛОСИПЕД ТЕБУ

TO EAT AN ICE-CREAM – БАЛМҰЗДАҚ ЖЕУ

CROWD – ТОП

TO READ A BOOK – КІТАП ОҚУ

TO TAKE A PHOTO – СУРЕТКЕ ТҮСІРУ

 

Мағына беру, кодтау

Ассоциация жасау кезінде кейбір сөздерді, сандарды кодтаймыз. Яғни оған басқа мән береміз. Бірақ мынаны ескеру керек: код деген – ассоциация емес. мысалы, 99 деген санға «Жамбыл Жабаев» деген код бердік, өйткені ол 99 жыл өмір сүрген. Ал бұл сан басқа сандармен қатар келсе, мысалы мынадай: 99 30 45 01. Онда біз барлық цифрдың кодынан ойша бейнелі сөйлем құрай саламыз: Жамбыл Шоқанға өрттен абай бол деп ескертті. Мұнда: 30 – Шоқанның өмір сүрген жасы, 45 – Абайдың туған жылы, 01 – өрт дабылы. Осылайша сандар жеңіл жатталады. Жайдан жай 99 – Жамбыл деп кете салуға болмайды.

  • абстракт нәрселерді өмірде бар нәрселермен алмастыру керек: ауру – градусник; ажырасу – пойыз, суық – мұз; жылы – пеш; мәңгілік – пирамида; қыс – аққала, жаз – роликті коньки, махаббат – жүрек.
  • жатталуы оңай заттарды жиі қолдану керек: 220 саны – электр тогы; Марс планетасы – «Марс» шоколады; Колорадо штаты – колорад қоңызы; 1845 – Абай, т.б.
  • кейбір сөздерге ұқсас сөздерді іліп жіберу: Дженуэри (January – қаңтар) – жануар; фактор – трактор; Аляска штаты – коляска;
  • кейбір ұзақ сөздерді бөлшектегенде пайда болған ұсақ сөздерге мағына беру, әсіресе, терминдер, шет тілінің сөздіктері: МАШ – МАШина, ТАП – кіТАП, АНД – сАНДық; мысалы, ВИСКОНСИН деген штатты жаттау үшін: ВИСки, КОНор, кероСИН деп бөліктерге бөлейік. Енді біртүрлі бейне жасайық. Керосин құйылған вискиді ішейін деп тұрған Конор Макгрегор. Бұдан кейін Конор туралы ақпарат естісең, санаңда бірден керосин құйылған виски атып шығады.

баспаға әзірлеген

Бегімхан Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >>

Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар облысы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Просмотров: 60 | Добавил: shakhibbeker | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: