22:32
Жады-нама

ЕСТЕ САҚТАУ ӘДІСТЕРІ

Еркін ассоциация әдісі

Цицеронның әдісіне ұқсас түрлі әдістер бар. Мысалы, еркін ассоциация әдісі. Бұл әдіс бойынша белгілі бір маршрутпен жүру қажет емес. бір-бірімен байланысатын заттарды қолданамыз. Мысалы, тінтуір кілемшенің үстінде тұрады. Ол пернетақтаның жанында, ал ол процессордың жанында, ал ол монитордың жанында, ал ол үстелдің үстінде, үстел жұмыс бөлмесінде тұрады. Жаттағың келген сөздерді әр объектіге байлап қою қажет.

 

Жаттығу

Төменде берілген заттарды еркін ассоциация әдісімен жаттаңыз. Байланысатын заттарды өзіңіз ойлап табуға болады. Бір мысал: қалпақ, көзілдірік, пальто, костюм, жилет, жейде, галстук, шалбар, белдік, шұлық, туфли.

ШЛЕМ

ДОМБЫРА

СҮЛГІ

ЕСІК

ШАМ

ҒАЛАМТОР

КІТАП

ЖАЙНАМАЗ

СМАРТФОН

ЖАСТЫҚ

СУРЕТ

 

Матрешка әдісі

Орыс ұлтының матрешкасын жақсы білеміз. Оны да есте сақтауға қолданайық. Бізде: гүл, кітап, шөп турайтын косилка, блендер бар делік. Енді кітапты алып гүлдің жапырағына орналастырамыз. Косилканы кітаптың бетіне қоямыз. Блендерді косилканың дөңгелегіне қоямыз. Бұл әдіс бойынша берілген объектіні үлкейтпейінше екінші объектіні көре ламайсыз

 

Жаттығу

Төменде берілген заттарды «матрешка» әдісімен ойша бір-бірінің үстіне орналастыр.

ҚАЙШЫ

ИНТЕРНЕТ-МОДЕМ

РОЗА

АЮ

БАЛТА

 

баспаға әзірлеген

Бегімхан Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >>

Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар облысы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Просмотров: 61 | Добавил: shakhibbeker | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: