20:16
Жады-нама

ЕСТЕ САҚТАУ ӘДІСТЕРІ

Цицерон әдісіне бөлмені қайдан табамын?

Өзіңізге таныс жерлерді еске түсіріңіз. Пәтер, саяжай, досыңыздың үйі, бұрын тұрған үй, студент кезде тұрған жатақхана, жиі баратын кеңсе, дүкен. Осы жерлерді еске түсіріп, тірек болатын бейнелерді санап шығыңыз. Есте жақсы сақталған бөлмені ғана қолдану керек. Бұлыңғыр, тірек болатын бейнелері анық емес бөлмелерді тізімнен шығарып бастаңыз. Егер сізде 20-30 шақты ғана бөлме болса, аздық етеді. Бір локацияны бірнеше рет пайдалануға болмайды. Себебі өзіңіз шатаса бастайсыз.

Жаңа жерлерге барғанда, мысалы, мейрамхана, дәмханаларды, саяхат, жаңа қалада жүргенде түрлі нысандарды жіті қадағалап жүріңіз. Қайсысын Цицерон әдісіне қолдануға болатынын түртіп алыңыз. Бұлай жасау арқылы есте сақтауға қажетті бөлмелерің көбейеді. Сонымен қатар, жаңа жерді жаттап, қаламен танысуға, адаспауға көмегін тигізеді.

Тағы бір лайфхак, ғаламтордан сатылатын үйлердің суретін қараңыз. Дайын суретті көшіріп алып, тірек болатын бейнелерді, заттарды белгілеп, жаттап алыңыз.

Компьютер ойындарындағы бөлмені, жақсы көретін сериалдағы жиі көрсетілетін бөлмені де қолдануға болады. Мысалы, Counter Strike ойынындағы Mansion картасын кез келген бала өз үйінен жақсы біледі. FRIENDS сериалындағы Мониканың үйінің интерьерін, Central Perk кафесінің дизайнын ұмыту мүмкін емес.

 

Жаттығу

Төмендегі Мұқалағали Мақатаевтың танымал өлеңі берілген. Оның әр шумағын үйіңіздің әр бөлмесінде тоқтап жаттап шығыңыз. Сосын көзіңізді жұмып, ойша бөлмеге кіріп, жаттаған шумақтарды айтып шығыңыз.

 

Ей, өмір

Дүниенің ағын да, қарасын да,

Мыңқ етпейсің, қабылдап аласың да.

Қарасымен шамаң жоқ таласуға,

Ей, өмірім, зымырап барасың ба?

 

Жер мен көктің желпініп арасында,

Желігесің, түсесің қара суға.

Құйын қуған қаңбақтай аласұра,

Ей, өмірім, зымырап барасың ба?

 

Мен отырмын теңіздің жағасында,

Бересім де жоқ оған, аласым да.

Тені тастап, толқындар, ағасың ба?

Толқынданып, өмірім, барасың бар?

 

Шаң шығарып ізінен құйындаған,

Барасың ба, өмірімі, қиындаған?

Сыйын маған,

Ей, өмірім, сыйын маған,

Сыйыңды алам мен сенің бұйырмаған.

баспаға әзірлеген

Бегімхан Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >>

Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар облысы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Просмотров: 85 | Добавил: shakhibbeker | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: