09:00
Жады-нама

ЕСТЕ САҚТАУ ӘДІСТЕРІ

Цицерон әдісі

Бұл әдіс сонымен қатар «жады сарайы», «Рим бөлмелері» деген атпен де танымал. Цицерон халық алдына шығып сөйлегенде, қағазға қарамайтын болған. Сонда да шешен сөйлеп, сөзінен жаңылмайды. Оның сыры – Цицерон өзіне жақсы таныс үй, ғимарат немесе көшені таңдап алады. Үйге кіргенде әрдайым реттілікпен бөлмеден бөлмеге өту керек. Яғни ылғи кіреберістен бастап, коридорға, жуынатын бөлмеге, асханаға, залға, жатын бөлмеге өту керек.

Әр бөлмеден кемінде 10 затты белгілеу керек. Мысалы, залда: теледидар, диван, кітапхана, жазу үстелі, қабырға суреті, терезе, вентилятор, телефон, кондиционер, компьютер, гүл бар. Әр бөлмеден он-оннан объект жинасаң, сонда сенде шамамен 60-70 объект жиналады. Соның әр жеріне қажетті ақпараттарды орналастырады.

Мысалы, Мұқағалидің «Аққулар ұйықтағанда» поэмасын жаттау үшін оны бірнеше бөлікке, шумақтар тобына бөледі. Сосын үйдің кіреберісінде бірінші объектінің жанында тұрып, өлеңнің бір бөлігін, екінші объектінің жанында екінші бөлігін жаттайды. Осылай кете береді. Әр объектінің жанында бір шумақтан жаттап шықсаң, үйді аралап шыққанша 70 шумақты жаттап тастайсың. Сосын кез келген жерде осы поэманы жатқа айтқанда, ойша үйдің ішін аралап шығады.

Бұл әдісті ары қарай дамыта беруге болады. Мысалы, сенде қазір 70 түрлі объект бар. Енді әр объектінің өзін бөлшектейік. Асханадағы тоңазытқышты алайық. Алдымен есік, оның ішінде мұздатқыш, жұмыртқа салатын бөлік, мұз кубиктерін салатын бөлік, жеміс салатын бөлік, бірінші сөре, екінші сөре, т.б. Дәл осылай әр объектіден 10 бөлік шығарсаң, сенде 700 объект пайда болады. Енді 700 шумақ поэманы жаттап, Айды аспанға бір-ақ шығарсаң болады.

баспаға әзірлеген

Бегімхан Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >>

Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар облысы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Просмотров: 61 | Добавил: shakhibbeker | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: