21:42
Жады-нама

ЕСТЕ САҚТАУ ӘДІСТЕРІ

2. Мнемотехника

Мнемотехника – ақпаратты жаттаудың ерекше әдісі. Бұл жерде жаттау керек ақпаратты бұрыннан бар басқа ақпаратпен байланыстырып жаттау. Жекелеген санды, сөзді жаттау іш пыстырады. Ал қашан оларға ойша бейне берсең, сонда ішіңді пыстырған заттар қызықты сюжетке айналады. Бұл жерде қиялдың рөлі ерекше. Эйнштейн айтқан: «Қиял білімнен әлдеқайда маңызды. Себебі білім шектеулі, ал қиял бүкіл әлемді шарлай береді». Мнемотехника арқылы кез келген сан мен сөзге ассоциация өте қарапайым болатын. мысалы, «есте сақтау» деге сөзге ассциация: естелік, тарих, өткен шақ, фото, мұрағат, склероз, амнезия, сана, балалық шақ.

 

Қарапайым ассоциация

Бірнеше объектінің арасындағы байланысты табу үшін кез келген ұқсастығын қолдану керек:

  • Уақыт немесе кеңістіктегі шектесу: үстел мен орындық, қыс пен қар;
  • Ұқсастық: жер мен шар, алмұрт пен лампа;
  • Қарама-қайшылық: жақсылық пен жамандық, ақ пен қара;
  • Себеп-салдарлық байланыс: күн күркіреуі және найзағай, шам мен жарық;
  • Жиынтық: сәбіз және көкөніс, сиыр және жануар;
  • Бүтін және бөлшек: секунд және минут, дөңгелек және автокөлік;
  • Толықтауыш: тіс пастасы және тіс щеткасы.
  • Дыбыстық жағынан ұқсастық: балық пен халық, түлкі мен күлкі.

баспаға әзірлеген

Бегімхан Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >>

Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар облысы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Просмотров: 67 | Добавил: shakhibbeker | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: