18:46
Жады-нама

ЕСТЕ САҚТАУ ӘДІСТЕРІ

Есте сақтаудың түрлі әдістері бар. Кейбір адамдардың, зерттеу орталықтарының шығарған тәсілдері бар. Бәрінің негізінде мына әдістер жатыр:

  1. Түсіну
  2. Мнемотехника
  3. Біреуге түсіндіру
  4. Интеллект карта

Алтын ереже: есте сақтауға көмектесетін кез келген әдісті неғұрлым жақсы меңгерсең, соғұрлым пайдалы болады.\алда сөз болатын әлдістерді жаттау үшін зейіннің шашыранды және шоғырланған күйін алмастырып отыру керек. Шоғырланған (фокус) зейін кезінде ақпарат қабылданады. Ал шашыранды зейін кезінде ақпарат реттеліп, жүйеленеді. Екеуі де өте маңызды. Тек бір күйде қалып қоймау керек. Мысалы, Архимед алтын тәждің құрамында басқа металл бар не жоқ екенін ұзақ зерттеп, таба алмайды. Таппаса патша мұның басын кесетінін ойлап, күндіз-түні дем алмай, жуынбай есептейді. Сонда да есебін таппайды. Ақыры бір күні әйелі дайындаған хауызға жуынуға түседі. Суға денесін батырып демалып отырғанда, шешім өз-өзінен келеді. Қуанғаннан (Эврика!» деп атып тұрып, жалаңаш жүгіріп кеткен деседі. Бұл – сұйыққа батырылған дене өзінің көлеміндей сұйықты ығыстырып шығарады деген ғылыми жаңалық болатын. Бұл зейіннің шашыранды күйі кезінде келген шешім еді. Сондықтан кітаптан бас алмай оқи бермей, арасында демалып тұрғаның жөн.

 

1. Түсіну

Жаңа ақпаратты оқығанда, тыңдағанда, көргенде, сезінгенде есте сақтап қалудың бірінші сатысы – оны түсіну. Түсініксіз нәрсені жаттау қиын. Мысалы, «ысана ңінміліб – уалатйақ» деген сөзді жатап көр. Ал егер сөйлемді керісінше оқысаң ше? Ол кезде оны жатау оңай боп қалады.

 Мәтін не жайлы, қандай дәлелдер келтірілген, қандай ғылыми зерттеулер қарастырылған, кім және қай жылы қандай жаңалық ашқан, қандай қорытынды жасалған, т.б. сұрақтар қойып, материалды түсініп алу керек. Кім ақпаратты түсінді, сол оны анағұрлым ұзақ есінде сақтайды. Түсінбей оқылған, жатталған материалдар ұзақ уақыт өтпей-ақ естен шығып кетеді. Әсіресе, мектептегі, студент кездегі сабақтарда құр жаттап алып, айтып беретін қыз-жігіттер бар. Бірақ одан титтей де пайда алмайды.

Түсіну барысында сезім мүшелерін барынша пайдалану керек. Олар: көру; есту; иіс сезу; дәм сезу; терімен сезу; кеңістікте денеңді сезіну.

Ақпаратты жаттауға 1 сағат берілсе, оның 30 минутын түсінуге жұмсау керек. Бір сағат бойы мәтінді қайталап оқи бергеннен гөрі, осы әдіс жақсырақ көмектеседі. Ақпаратты түсіну үшін үлкен мәтінді бөліктерге бөлу керек. Әдетте, әрбір абзац бір ойды қамтиды. Жаңа ой жаңа абзацтан басталады. Әр ойды бір ауыз сөзбен түсіндіретін тірек сөзді табу керек. Егер берліген материал түсіну үшін жеткіліксіз болса, онда оған қосымша өзің ізденіп көр.

баспаға әзірлеген

Бегімхан Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >>

Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар облысы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Просмотров: 65 | Добавил: shakhibbeker | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: