20:38
Жады-нама

ЕСТЕ САҚТАУДЫ КҮШЕЙТЕТІН ЛАЙФХАКТАР

Өтірікшінің де есте сақтау қабілеті мықты болуға тиіс

Мидың жұмысын жақсартатын, есте сақтауға пайдасын тигізетін жаттығулар, әдістер, лайфхактар бар. Соларды тізбелеп, түсіндіріп шығайық.

 

Клавиатураға қарамай жазып үйрен

Клавиатураға қарамай жазып үйренуді бір аптада үйреніп алуға болады. Ол үшін арнайы бағдарламалар бар. Бұл қабілеттің пайдасы зор. Біріншіден, тез жазып үйренесің. Екіншіден, уақыт үнемдейсің. Үшіншіден, қараңғыда ештеңеге қарамай жаза бересің. Төртіншіден, миға пайдасы өте зор. Өйткені жаңа нәрсені үйренгенде ағзада стресс болады, мида жаңа жасушалар пайда болады. Көп қолданылмайтын саусақтардың белсенділігі артады.

Кириллицамен жазып үйренген соң, латынмен жазуды да үйреніп алуға кеңес береміз. Ми деген бір тілден екінші тілге бірден ауыса береді. Шатасу, латын мен кириллицаны былықтырып алу болмайды.

 

Спортпен шұғылдан

2013 жылы Карлсен Магнус Гарри Каспаровты шахматтан жеңіп шығады. Ол 13 жасынан бастап гроссмейстер, «Титан» категориясы бойынша Time журналында әлемдегі ең ықпалды 100 адамның қатарына кіреді. Магнус бұл деңгейгк қалай жетті дейсің ғой? Бәрі жаттығудың арқасы! Жаттығу дегенде тек шахматтан жаттығу емес, оған қоса физикалық жаттығу, дене шынықтыру. Ол футбол, шаңғы, үлкен теннис, баскетбол, глльф және волейбол ойнаумен айналысады.

Ой спортымен шұғылданатындар үшін дене спорты неге керек? Өйткені спортпен айналысатындар стресске өте төзімді келеді. Олар ой еңбегімен қиналыссыз айналыса алады. Швециядағы Мальме университетінің ғалымы ингегард Эрикссон спорт пен зейін арасындағы тікелей байланысты тәжірибе жасап дәлелдеді. 9 жыл бойы 1-3 сыныптың 220 оқушысын зерттеген: жартысы аптасына екі рет шынықса, жартысы күн сайын шыныққан. Сонда екінші топтың сабақ үлгерімі әлдеқайда жоғары болған.

 

Классикалық музыка тыңдау

Классикалық музыка тыңдау есте сақтау қабілетін арттырады. «Вивальди эффекті» деп атау берген мұндай тұжырымды италияның Кьети қаласында орналасқан университет ғалымдары жасады. Оның «Жыл мезгілдері» деп аталатын шығармасын тыңдаған қарт кісілердің есте сақтау қабілеті жақсарған. 24 қарт кісіе цифр жаттау тапсырмасы беріледі. Осының ішінде классикалық музыка тыңдап отырып жаттағандары жақсы нәтиже көрсеткен. Себебі сан жаттау барысында адам стресске түссе, музыка оны тыныштандырып, мидың физиологиялық мүмкіндігін арттырған. Ендеше, Вивальди, Моцарт, Шопен, Чайковский, Шуберт, Бахты тыңдап тұруды әдетке айналдыру абзал.

баспаға әзірлеген

Бегімхан Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >>

Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар облысы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Просмотров: 105 | Добавил: shakhibbeker | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: