09:59
Жады-нама

ЕСТЕ САҚТАУДЫ КҮШЕЙТЕТІН ЛАЙФХАКТАР

Өтірікшінің де есте сақтау қабілеті мықты болуға тиіс

Мидың жұмысын жақсартатын, есте сақтауға пайдасын тигізетін жаттығулар, әдістер, лайфхактар бар. Соларды тізбелеп, түсіндіріп шығайық.

 

Бақытты бол!

Адамның бақытты сезінуіне дофамин гормоны көмектеседі. Германияның Магдебург университетінің ғалымдарының зерттеуі бойынша, ағзадағы дофамин мөлшері жоғары болған адамдар басқаларға қарағанда ақпаратты есте жақсы сақтаған. Олардың миына да көп жүк түспеген. Ал дофамин мөлшерін көтеру үшін түске дейін, ең жақсысы таңғы асқа жұмыртқа жеп, бал қосылған су ішу керек.

 

Жаңа нәрсе үйрен

Жаңа нәрсе үйрену әрдайым стресс туғызады. Біз жылы орнымыздан шыққымыз келмейді. Бұлай жасау жақсы болғанмен, түпкі негізінде мидың жалқаулануына әкеледі. Сондықтан бұрын жасап көрмеген қызықты әрекеттерді үйреніп көр. Мысалы, тамақты осы уақытқа дейін шанышқымен жеп жүрсең, енді қытай таяқшасымен жеп үйрен. Басында қиын болар, бірақ үйреніп аласың.

 

Шет тілін үйрен

Кез келген  шет тілін үйрену ми үшін үлкен даму, өсу құралы. Тура мағынасында гиппокамптың көлемі өседі. Зерттеу жасаған ғалымдар бірнеше тіл білетін, аударма жасайтын полиглоттардың миынан осы өзгерісті байқаған. Тель-Авив университетінде жасалған зерттеуде бір тілден артық білетін адамдарда мидың қартаю процесі баяулайтыны анықталған. Екі тіл білетіндерден гөрі үш тіл білетіндер ми ауруына сирек ұшырайды. Үш тіл білетіндерден гөрі төрт тіл білетіндердің зейіні сергек болады.

Оған қоса, туған тілінен бөлек бір тіл білетін адамдар Альцгеймер ауруына шалдықпайды екен.

Басқа тілді меңгерген адамдар дыбыстың түрлі формаларын айыра бастайды. Бұл нәрсе олардың музыкалық қабілетін оятады.

Бірнеше тілді меңгенгендер бір уақытта бірнеше шаруаны қатар жасай алады. Олар бір істен екінші іске тез ауыса алады.

баспаға әзірлеген

Бегімхан Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >>

Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар облысы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Просмотров: 69 | Добавил: shakhibbeker | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: