21:54
Жады-нама

ЕСТЕ САҚТАУДЫ КҮШЕЙТЕТІН ЛАЙФХАКТАР

Өтірікшінің де есте сақтау қабілеті мықты болуға тиіс

Мидың жұмысын жақсартатын, есте сақтауға пайдасын тигізетін жаттығулар, әдістер, лайфхактар бар. Соларды тізбелеп, түсіндіріп шығайық.

 

Көзге жаттығу жасау

Көзге жаттығу жасағанда көз бұлшықеттерін демалдырады. Көз бен мидың арасындағы байланыс ерекше. Кез келген зат көзден миға өткенде төңкеріліп барады. Миға келетін ақпараттың 80%-ы көз арқылы келеді. Сондықтан көзді әлсін-әлсін жаттығу жасап, демалдырып отыру керек.

 

Жаяу жүру

Күн сайын 20 минут жаяу жүретіндердің миы сергек болады. Жалпы жаяу жүру мидың когнитивтік қызметін, яғни тану, ойлауды жақсартады. Бұл жайлы Гарвард медициналық мектебінде жасалған зерттеулер баяндайды. Серуендеу арқылы миды жылдам ойлауғағ тек реакция беруге, жаңа ақпаратты оңай қабылдауға шынықтырамыз.

 

Терең тыныс алу

«Journal of Neuroscience» журналында Солтүстік-Батыс университетінің ғалымдары мынадай зерттеу нәтижесін жариялады: «мұрынмен терең тыныс алу мидың жұмысын және есте сақтау қабілетін күшейтеді».

Зерттеушілер зертханада 60 адамға қорыққан және таңғалған эмоция бейнеленген суретті көрсетеді. Сөйтсе тынып алып жатқан кезде көрген суреттер демді шығарып жатқан кезде көрсеткен суреттерге қарағанда есте жақсы сақталған.

баспаға әзірлеген

Бегімхан Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >>

Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар облысы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Просмотров: 67 | Добавил: shakhibbeker | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: