20:13
Жады-нама

ЕСТЕ САҚТАУДЫ КҮШЕЙТЕТІН ЛАЙФХАКТАР

Өтірікшінің де есте сақтау қабілеті мықты болуға тиіс

Мидың жұмысын жақсартатын, есте сақтауға пайдасын тигізетін жаттығулар, әдістер, лайфхактар бар. Соларды тізбелеп, түсіндіріп шығайық.

 

Шульте кестесі

Шульте кестесі бір уақытта мидың бірнеше бөлігін белсендендіреді. Назарды әрдайым бір бағытта шоғырландыруға көмектеседі. Егер сенде ұзақ уақыт фокуспен жасайтын жұмыс болса, оған шыдамың жетпеуі мүмкін. Осындайда Шульте кестесінің пайдасы көрінеді. Бір істен басыңды алмай, барлық ойыңды шоғырландырып, терең ойлауға, шешуге үйретеді.

Шульте кестесін қолдану оңай, нәтижесі де тез көрінеді. Кесте 5х5 ұяшықтан, яғни 25 санна тұрады. Оның мысалы суретте көрсетілген.

7

1

11

4

24

19

13

21

16

2

3

23

8

20

18

22

10

25

5

14

15

6

12

17

9

Шульте кестесін қолдану шарты: көзді кестенің дәл ортасына бағыттаймыз. Кестеде ол «8» деген цифр. Көз бен кестенің арасындағы қашықтық шамамен 30-4 см. Көзді центрден айырмаған күйі 1-ден 25-ке дейінгі сандарды өсу ретімен табу керек. Сосын екінші ретте кему ретімен тауып көру керек. Ескерту: көзді жоғары-төмен, оң мен солға жылжытуға болмайды!

Сандарды барынша тез табуға тырысу қажет. Бір отырғанда 10-15 минут ішінде бірнеше кестемен жаттықса жетіп жатыр. Екі кестенің арасында 15-20 секунд кідіріс жаса.

Егер көзді жылжытпай, сандарды табу мүлдем мүмкін болмаса, онда былай жеңілдік жасауға болады: көзіңді жоғары, сосын төмен жылжытып көресің. Оң-солға жылжытуға болмайды. Көзің бір қарағанда 5 санды оңай көруі тиіс.

 

50/50

Қолыңда есте сақтау керек он беттік материал және бар-жоғы 1 сағатың бар делік. Осы орайда ең жақсы шешім: жарты сағатты материалды оқуға, қалған жартысын материалды өңдеуге жұмса. Бір сағат бойы материалды қайталап оқи бергеннен гөрі осы әдіс тиімді нәтиже береді. Өңдеу дегенге не кіреді: материалды оқып біткенде есіңде қалғандарын қайта айтып шығу; біреуге түсіндіру; конспект жазу. Бұл әдістің тиімділігін зерттегендер: Сент-Луис штатындағы Вашингтон университетінің зерттеушілері джеффри Карпике және Генри Родригуэра ІІІ, 2003 жыл.

 

Киноны даусын өшіріп тастау

Бұрын көрмеген бір киноны алып, алғашқы он минутын қара. Сосын басынан бастап, дыбыссыз режимде көр. Он минут бойы актерлардың орнына өзің сөйлеп шық. Яғни олардың не айтқандарын, фонда қандай музыка болғанын еске түсіріп отыру керек.

баспаға әзірлеген

Бегімхан Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >>

Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар облысы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Просмотров: 72 | Добавил: shakhibbeker | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: