19:51
Жады-нама

ЕСТЕ САҚТАУДЫ КҮШЕЙТЕТІН ЛАЙФХАКТАР

Өтірікшінің де есте сақтау қабілеті мықты болуға тиіс

Мидың жұмысын жақсартатын, есте сақтауға пайдасын тигізетін жаттығулар, әдістер, лайфхактар бар. Соларды тізбелеп, түсіндіріп шығайық.

 

Бір аяқты ыстық, екіншісін суық суға салу

Австрияның ғалымдары бұл әдістің жұмыс істейтінін дәлелдепті. Керек десең оны кезінде философ людвиг Витгеншетйн қалданған-мыс. Әдістің негізі мынадай: материалды жақсырақ түсіну үшін бір аяқты ыстық суға, бір аяқты суық суға салады. Жалпы екі аяқ та бірдей ысып, бірдей суиды. Ал екеуі екі түрлі жағдайға тап болса, ми мұны төтенше жағдай деп қабылдап, келіп жатқан барлық ақпаратты белсенді қабылдайды. Леопольд және Франц атындағы Университетте өткізілген тәжірибеде аяғын ыстық пен суық суға салған студенттер 40 пайыз жылдамырақ жаттаған.

 

Сағыз шайнау

Жапон ғалымдары сағызды зерттеп тастапты: екі топқа түрлі тапсырма берген, мысалы, кітап оқу, есеп шығару. Топтың біреуіне параллельді түрде сағыз шайнау тапсырылыпты. Сонда сағыз шайнаған топ ақпараттарды есте жақсы сақтаған. Оған себеп – назардың басқаға аумай, әртүрлі ойға берілмей, шоғырланып тұруы. Белгілі бір дәмі бар сағызды шайнап оытырп жаттаған тест сұрақтарынан емтихан тапсырар кезде, сол дәмі бар сағызды қайта шайнаса, ақпараттар жақсы еске түседі деген өмірлік тәжірибеден алынған лайфхак бар.

 

Құлаққа қыстырғыш тағу

Бұл әдісті канадалық оқушылар жиі қолданады екен. Емтихан кезінде құлақтарына офиске арналған қыстырғышты қыстырып қояды екен.

Ол қалай жұмыс жасайды? Адамның құлағы – қан өте нашар айналатын мүше. Саусағымызды күйдіріп алғанда құлақтың жұмсағын ұстап тұрамыз, ал ол дым сезбейді. Миға оттегі берілгенде құлақ та қызады. Құлақтағы қыстырғыш арқылы қанайналым пайда болады екен де, миға көп оттегі келеді. Нәтижесінде сол уақытта жатталған ақпарат жақсы қорытылады.

баспаға әзірлеген

Бегімхан Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >>

Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар облысы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Просмотров: 83 | Добавил: shakhibbeker | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: