06:31
Жады-нама

ЕСТЕ САҚТАУДЫ КҮШЕЙТЕТІН ЛАЙФХАКТАР

Өтірікшінің де есте сақтау қабілеті мықты болуға тиіс

Мидың жұмысын жақсартатын, есте сақтауға пайдасын тигізетін жаттығулар, әдістер, лайфхактар бар. Соларды тізбелеп, түсіндіріп шығайық.

 

Көп оқу

Кітап оқудың пайдасы жайлы айтудан жалыққан емеспіз. Кітап оқу бір мезгілде бірнеше когнитивті функцияны іске қосады: назар аудару, қысқа және ұзақ мерзімді жады, абсрактілі және аасциативті ойлау жүйесі. Ми белгілерді мағынаға аударып қана қоймай, ойландырады. Логиканы іске қосады. Кітап оқу стрессті азайтып, қиялды дамытады.

 

Қолмен жазу

Вашингтон университетінің профессоры Вирджиния Бернингер қолмен жазу саусағыңды ғана емес, миды, ойлау жүйесін дамытады дейді. МРТ арқылы адам миын бақылағанда, қолмен жазатын адамда есте сақтауға жауап беретін және жаңа ақпаратты өңдейтін бөліктер белсенді болады екен. Профессор бастауыш сынып оқушыларына мынадай тапсырма беріпті: жартысы шығарманы қолмен, жартысы компьютермен жазу керек. Сонда қолмен жазған оқушылардың қиялы бай, сөздік қоры мол болған. Сөйтіп ғалым «шығарманы қолмен жазу барысында ми белсендірек жұмыс жасайды» деп түйген.

Тағы сондай бір тәжірибені Пэм мюллер (принстон университеті) және дэниел Оппенгеймер (Калифорния университеті) жасады. Студенттерге өздеріне ыңғайлы жолмен конспект жасауды тапсырады. Олардың жартысы лекцияны компьютерге жазады екен. Нәтижесі былай: компьютерде жазған студенттер барынша толыққанды етіп жазған. Алайда қолмен жазған студенттер лекцияның мазмұнын есте ұзақ сақтай білген. Себебі қолмен жазғандар дәптерге аз жазса да, естіген ақпараттың ең маңыздыларын қорытып, соны ғана жазған екен. Ал компьютерде тергендер көбіне сөзбе-сөз жазған екен. Айтылған сабақаты дәлме-діл көшірудің миға пайдасы аз.

Әлемде қол жазуы бірдей адам жоқ. Каллиграфиямен айналысу да есте сақтауға өте көп көмегін тигізеді.

 

Жалаң аяқ жүру, жүгіру

Табанда көптеген жүйке жасушалары бар. Ылғи аяқ киіммен жүргендіктен, олар қозғалыссыз қалып қояды. Жалаң аяқ жүргенде сол жүйке жасушаларын іске қосып, есте сақтау,а пайдасын тигізеді. Табандағы капилляр тамырларда қан айналымы жақсарып, аяқ арқылы миға көп ақпарат барады. Жердің қатты, тегіс, жұмсақ, қотыр, ыстық не суық, тастақты екенін де жалаң аяқ жүріп біле аласың.

 

Салмақ көтеру

Денсаулыққа залал келмейтіндей салмақтағы гантель көтеріп тұру пайдалы әрекет. Көтерер алдында денені қыздыратын жаттығу жасау қажет. Жеңіл салмақтан бастап, бірте-бірте салмақ деңгейін арттыру қажет.

баспаға әзірлеген

Бегімхан Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ)

Ақсу қаласының Абай атындағы №2 ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар облысы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Просмотров: 101 | Добавил: shakhibbeker | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: