12:09
Жады-нама

ЕСТЕ САҚТАУҒА ПАЙДАСЫН ТИГІЗЕТІН НӘРСЕЛЕР

1) Дұрыс тамақтану

Түрлі-түсті бояулардан тұратын өсімдіктер, жидектер мен көкөністер, жемістер, мал еті, балық еті, құс еті, табиғи сүт өнімдері. Олардың ішінде: бал, құрма, жүзім шырыны, інжір, асқабақ дәндері, қырыққабат, аскөк, шпинат, мейіз, авокадо, алма, брокколи, баклажан, грек жаңғағы, жасымық, жұмыртқа, қара зере, зәйтүн.

 

2) Таңғы асты тастамау

Дұрыс тамақтанса да, таңғы астың маңыздылығына мән бермейтіндер көп. «Таңғы асты патшадай іш, түскі асты ханзададай іш, кешкі асты кедейдей іш» деген сөз бар. Әсіресе таңғы асқа ботқа жеу керек. Дәнді дақылдардың құрамындағы ақуыздар ұзақ сіңеді. Демек, түскі асқа дейін бізді қажетті энергиямен қамтамасыз етеді.

 

3) Күмәннан арылу

Біреу жайлы және болашақ жайлы түрлі күмәннан арыл. «Болашағым не болады екен?» ауырып қалмаймын ба? Осы пәленше менің дүниемді пайдаланып кеткісі кеп жүрген сияқты ма, қалай өзі?» деген сияқты пайдасыз ойлардан басыңды тазарт.

 

4) Кінәламау. Ашу, реніштен, жағымсыз естеліктерден арылу

Он кітап салынған рюкзакты арқалап көріп пе едің? Оны бір күн бойы арқаласаң ше? Оны қоя берші, бір жыл арқалау қалай болады екен? Жағымсыз естеліктер де сондай. Оны көтеріп, жүре бергенше, өткен іс өтті, кетті деп, өткенге қалдыру керек.

 

5) Табиғатқа шығу

Жаңа ортаға шыққанда, табиғаттың әсем жерлеріне аяқ басқанда, мида қандай ғажайып процесстер орын алады десеңші. Жаңа нейрондық байланыстар түзіліп, ақпараттар сел боп ағады. Ми демалып, сергиді.

 

6) Жұмысты уақытылы орындау

Істі кейінге қалдырудың салдарынан кезінде оңай болған істер енді қиынға айналады. Оны көрген сайын беттегің келмейді. Уақытылы жасалмаған істер адамды стресске түсіреді.

 

7) Оң қырымен жату

«The Journal of Science» журналында жарияланған мақалада ғалымдардың зерттеуінде оң жақпен жатудың миға пайдалы екені айтылған. Етпетінен, шалқасынан, сол жағымен жатқаннан гөрі, оң жақпен жатуға тырысу керек. Бір қырынан жатқан адамның глифматикалық жүйедегі сұйықтық айналымы жақсы болады. Глифматикалық жүйе дегеніміз – мидың қан тамырларының айналасында шоғырланған түтікшелер кешені.

 

8) Оңашалану

Күн сайын қаншама ақпарат ағынына қарсы келеміз. Смартфон, теледидар, жарнамалық алаңдар, газет, радио – бәрінен түрлі ақпараттар келеді. Бұған энергияңды сорып алатын арызқойларды қос. Осындайда он минутқа өз-өзіңмен оңашаланған дұрыс. Миыңа тыныштық бер.

баспаға әзірлеген

Бегімхан Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ)

Ақсу қаласының Абай атындағы №2 ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар облысы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Просмотров: 98 | Добавил: shakhibbeker | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: