21:22
Жады-нама

ЕСТЕ САҚТАУҒА ЗИЯНЫН ТИГІЗЕТІН НӘРСЕЛЕР

Адам естеліктерден тұрады.

Есте сақтау дегеніміз – түгелдей мидың жұмысы. Есте сақтауға зиянын тигізетін нәрселер – мидың жұмысына зиян келтіретін нәрселер. Бет-әлпетіңді, көз қарашығыңды қорғағаныңдай, миды да максимум деңгейде қорғау керек. Көзге жұдырық тисе, көгеріп, бір-екі аптадан соң жазылады. Ал миға тиген зиянның әсері одан көбірек. Не үшін алдымен миға зиянды нәрселерді жазып отырмыз? Себебі жақсылық жасаудан бұрын жамандықты тоқтату керек. Миға пайдалы нәрселерді беруден бұрын, зиянды нәрселерден арылу керек.

 

1) Соққы

Иә, миды тура мағынасында соққыдан қорғау керек. Боксқа барғанда, бейсбол ойынында басты барынша соққы тимейтіндей шлем кию керек. Суға баспен секіргенде, футболда қатты келе жатқан допты баспен ұрғанда да, басқа зақым келуі мүмкін. Зерделесек, егер басыңа әжептәуір соққы тисе, көптеген ақпаратты ұмытып қаласың. Кейбір адамдарда, айталық, соққы алғандардың жүзден бірінде, керісінше, есте сақтау қабілеті өте дамып кетуі мүмкін. Оларды савант деп атайды деп бұған дейін де айтқанбыз. Қандай жағдай болмасын, басқа соққы тигізуден сақ болу керек. Әсіресе, құрылыс алаңдарында жүргенде басқа шлем кию қатаң түрде міндетті!

Мынадай оқиға болған: 2014 жылы футболдан әлем чемпионаты кезінде германиялық Кристоф Крамер алаңға шығады. Ойынның 17-минутында қарсыластың шынтағы мұның басына тиіп кетеді. Есінен танып құлап қалады. Артынша қайта тұрып, ойынды жалғастырады. Бірақ бірнеше минуттан кейін төрешіден қайта-қайта «Бұл не ойын?» деп сұрай береді. Басына тиген соққы оның жадысына зақым тигізіпті. Крамер осы ойын жайы мүлдем білмейді. Тек бейнежазбаны қарап қана ойынға қатысқанын біледі. Осы Крамер – әлем чемпионы болғанын білмейтін әлемдегі жалғыз адам.

 

2) Зиянды тағамдар

Оның ішіне фастфуд, тәтті газдалған сусындар, шұжық, ысталған тағамдар, майлы тағамдар, тәттілер, қуырылған тағамдар, әсіресе, қаныққан майға пісірілген тағамдар, қант және қанттың орнын алмастырушы заттар. Мұндай тағам ішкенде ұйқымыз келіп, енжар боп қаламыз. Бұл біздің асқазанымызда емес, миымызда болып жатқан процесс.

 

3) Ішімдік

Ішімдік арм ас болғанымен қоймай, мидың, бауырдың жұмысына қатты зақым келтіреді.

 

4) Қозғалыссыз өмір салты

Оның зияны кез келген жаста көрінеді: қан айналымының қиындауы, мойын омыртқаның ауыруы, бұлшықеттің босаңсуы, жүрек-қантамыр аурулары, семіздік, қант диабеті, еңкіштік.

баспаға әзірлеген

Бегімхан Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ)

Ақсу қаласының Абай атындағы №2 ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар облысы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Просмотров: 87 | Добавил: shakhibbeker | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: