01:16
Туыстық атаулар сыры

Жеке атаулар мен іліктік сөздер

Шал (ер) – жасы жеткен, қартайған ер адамның жалпы атауы. Мұндай кісілерді ақсақал, үлкен кісі, қарт деп атаған жөн. Шал деу әдепке жатпайды, бірақ біреуді көтермелеп сөйлегенде «ой, шалың-ай!», «шалдың баласы ғой!» деуіне ешкім ренжімейді, қомашаулық жасамайды.

  • Шалдың сөзі – шалғыш.
  • Ауылыңда қарт болса жазып қойған хатпен тең,

Үй сыртында төбе болса – ерттеп қойған атпен тең.

  • Отыз ұлым болғаныңа – опырық шалым болсын.

 

Кемпір (әйел) – жасы жеткен, қартайған ана деген сөз. Жұрт әже, ана деп ардақтайды. Кемпір деп атауға болмайды, бұл ол кісілер үшін ауыр сөз әрі әбестік болып саналады.

  • Бір кемпірді бір кемпір келіншек дейді.
  • Пері білмегенді кәрі біледі.

әзірлеген

Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ

М.Әуезов атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар қаласы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Просмотров: 166 | Добавил: shakhibbeker | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: