23:14
Туыстық атаулар сыры

Абысын (әйел) – ағайынды жігіттердің әйелдері бір-біріне «абысын» болады. Абысындарөзара жақын, сырлас, мұңдас болады, бірігіп ынтымақты жұмыс істейді. Бір-бірінің өкпе, назын, әзіл-қалжыңын сыйласыммен көтереді. Қазақта «Ағайын тату болса ат көп, абысын тату болса ас көп» деген сөздің философиялық мағынасы осындайдан шыққан. Абысындардың үлкені «шешей», кішісі «келін» деп аталады.

Халықтық тағылымдарда «абысын асы» деген дәстүр бар. Ері жолға шыққанда олар абысындарын шақырып, дастарқан жайып, әңгіме-дүкен құрады. Бұл дәстүр олардың сыйластық, татулық, бірлік-ынтымағының белгісі әрі ұлттық тәрбиенің бір түрі.

  • Абысын тату болса – ас көп,

Ағайын тату болса – ат көп.

әзірлеген

Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ

М.Әуезов атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар қаласы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Просмотров: 264 | Добавил: shakhibbeker | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: