12:59
Туыстық атаулар сыры

Жеңге (әйел) – ағаның әйелі. Жасы үлкендер үшін «Келін», кішілер үшін «жеңге» деп аталатын бұл адамның ауыл, үй, тәлім-тәрбие үшін орны айырықша. Ол әсіресе, өзінен кіші қайнылары мен қайынсіңілері үшін әзіл, қалжыңы араласа жүретін сүйкімді де сыйлы адам. Жеңге қайнылары мен қайынсіңілерін өз атымен атамай, оларға өзінше «сырғалым», «шашбаулым», «ерке бала», «мырза жігіт», «бойжеткенім», «күлімкөзім» деп ат қояды. Кейде ерсі мінездеріне қарай күлкілі ат өоюы да мүмкін. Мұның бәрі сыйластықтың белгісі ретінде қаралады.

Жеңге бұрын қыз бен жігітті таныстыру мен табыстыруда үлкен тәрбиелік қызмет атқарған. Оларға махаббат құпияларын үйреткен. Сол қызметі үшін олар қыз-жігіттен сыйлық та алатын болған. Қыз үшін ана тәрбиесінен кейінгі орын осы жеңгенікі, жеңге жүрген жер ажарлы да базарлы.

  • Жолы болар жігіттің жеңгесі шығар алдынан.
  • Ағама жеңгем сай.
  • Қыздың сырын жеңгесі білер.

әзірлеген

Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ

М.Әуезов атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар қаласы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Просмотров: 234 | Добавил: shakhibbeker | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: