11:41
Туыстық атаулар сыры

Апа (әйел) – бірге туған және туыстардың жасы үлкен қыздары оның інілері мен сіңлілері, келіндері үшін «апа» болады. Бұлардан апаның жолы үлкен және оған «апай» деп құрмет көрсетіледі. Апа оларға еркін, батыл, адуындылау, базыналы болады. Кішілер оны көтере білуі, ілтифат көрсетуі, оның алдында құрдай жорғалап, сыйлауы керек. Оның өтініші, бұйрығы сөзсіз орындалғаны жөн. Апа жақсы аға, інілерін, туыстарын мақтаныш етіп, өсіп отырады. Ол ағайын бірлігін, ел намысын қорғауда да үлкен жұмыстар істейді. Өз туыстарының кемшілігін батыл айта алады. Ызалы кезінде туыстарына көз жасын төгіп те жібереді. Бұл туыстары үшін ауыр тиеді. Інісіне өкпелеген аңқау өкпе «сендер апа демесеңдер демей-ақ қойыңдар, Құдай апа десе болады» депті. Қалай айтқанда да апаның жолы бөлек және қымбат.

  • Апаның күйеуі жезде, баласы жиен болады.
  • Апама да барайын, тайымды да үйрете келейін.
  • Апама жездем сай.

әзірлеген

Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ

М.Әуезов атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар қаласы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Просмотров: 230 | Добавил: shakhibbeker | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: