19:23
Туыстық атаулар сыры

Ана (әйел) – өзіңді өмірге әкеліп, түн ұйқысын төрт бөліп, ақ сүт берген аяулы адамың. Әр ұл мен қыз ата-анаға мәңгі қарыздар. Ұрпақтары бұл адамдарды айырықша сыйлауға, құрметтеуге тиіс. Оларға қарсы келуге, ренжітуге, айтқанын орындамауға болмайды. Мұхаммед пайғамбардың (с.а.с.) хадисінде «ата-анасын ренжіткендерді Алла тағала жақсы көрмейді» деген. Әсіресе, ананың жолы мүлде бөлек. Ананың ақ сүті адам баласы үшін аса қасиетті ұғым. Ананың өз балаларына ақ сүтімді ақтады деуі үлкен баға. Керісінше өзіне зәбір берген балаларына ана «ақ сүтін көкке сауып» қарғайды. Адам баласы үшін қарғыстың ең жаманы осы.

Ана – өмір тұтқасы, өмірге адам әкелуші, тәрбиеші, тілеуқор, ақ ниетті мейірбан. Ол отбасының берекесі, ырысы, ақылшысы. Ана алдында – батыр да, ақын да, ғалым да кіші.

  • Ата көрген – оқ жонар,

Шеше көрген – тон пішер.

  • Аяғын көріп – асын іш,

Анасын көріп – қызын ал.

  • Ананың көңілі балада,

Баланың көңілі далада.

әзірлеген

Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ

М.Әуезов атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар қаласы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Просмотров: 225 | Добавил: shakhibbeker | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: