16:53
Туыстық атаулар сыры

Әже (әйел) – әкенің шешесі. Ел іші, отбасының бүтіндігін ойлайтын көптің сыйлы анасы. Ол салт-дәстүрді сақтап, кейінгі жастарға отбасының, дастарқан берекесінің, ағайын, абысындардың бірлігін сақтайтын тәрбиеші әрі ақылгөйі деп есептеледі. Ұлы мен келіні әжесінің тапсырмасы мен өтінішін сөзсіз орындауға тиіс. Қазақ халқының заңы бойынша, әжені де, атаны да, әрбір адам танысын, танымасын сәлем беріп, құрмет көрсетуге тиіс. Бұл кісілер тек өз ұрпақтары ғана емес, жалпы елге ата, әже болп есептеледі.

Әжелерді жұрт «кейуана», «қария», «әже» деп құрмет тұтып, сый-сияпат ұсынып, батасын алады.

Ата мен әженің әке-шешелері оның ұрпақтары үшін «баба», «ұлы ата», «ұлы әже» деп аталады.

  • Әжім – әженің әрі.
  • Демеңіз әжем кәрі,

Кәрінің сөзі – дәрі.

әзірлеген

Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ

М.Әуезов атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар қаласы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Просмотров: 258 | Добавил: shakhibbeker | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: