12:20
Туыстық атаулар сыры

Ата (ер) – әкенің әкесі. Жеті атадан санағанда үшінші ұрпақ. Ел-жұрт «ақсақал» деп құрмет тұтатын қадірлі ел тұтқасы. Мұндай кісілер төрден орын алады, оларға әрқашан құрмет көрсетіледі. «Ауылында қартың болса жазып қойған хатпен тең» - дегендей ата ел ұйытқысы, батагөйі, ақылшысы, қамқоры болып есептеледі. Жастар атадан бата алуы тиіс. «Аталы ел баталы» - деген мақал бар. Атаның айтқаны кейінгіге заң, ісі – үлгілі. Ол ел бірлігін, тірлігін, тұрмысын, болашағын бағдарлай, байқап отыратын дана, көреген қария.

Дәстүр бойынша сол елге, ауылға келген адамдар алдымен атаға сәлем беруге тиіс. Жасы жеткен мұндай кісілерді «қарт», «батагөй» деп ел оған әрқашан ілтипат білдіріп отырады, қазақтың жалпақ тілінде қарттарды «шал» деп те айта береді.

  1. Ата – балаға сыншы.
  2. Атадан ұл туса игі,

Ата жолын қуса игі.

  1. Аталы ел – баталы ел.

әзірлеген

Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ

М.Әуезов атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар қаласы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Просмотров: 243 | Добавил: shakhibbeker | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: