21:55
Туыстық атаулар сыры
  1. Ағайын жұрт

Ағайын. Туыс – деп бір рудан, тайпадан өсіп, өрбіген ұрпақтар қауымы мен бірлігін айтады. «Ағайын» немесе «туыс» деп те атала береді. Бұдар бір қауым, бір ауыл болып, бір-біріне қамқорлық жасап, қиын сәтте қол ұшын беруге міндетті. Туыстар тату, бірлікшіл, бір-біріне қорғаныш болуы керек. Ағайын, туыстан бөлініп кеткендерді жақындары өте жек көреді. «Бөлінгенді бөрі жейді» деген бар.

Туыстар жеті атаға дейін туыстықты үзбейді және қыз алыспайды. Қазақтың бұл заңының ғылыми-генетикалық жағынан да дәлдігі анықталып отвр. Жеті атаға толғаннан кейін ру ақсақалдары, дін басшылары жиылып, боз бие сойып, баталасып, бәтуаласып қыз алысып, қыз беруге рұқсат етеді. Бұл дәстүр бүгінге дейін сақталып әрі жалғасып келеді.

Қазақ халқы тек руласын ғана емес одан әрідегі қандас тайпалардан тарағандарды да жақын тартып туысқан болады.

  • Туысы бірдің – уысы бір.
  • Туысқан өкпеге қиса да, өлімге қимайды.
  • Туысы жаман туғанын жамандайды.
  • Ағайын, туыс кімде жоқ,

Сыйласпаса жат жуық.

әзірлеген

Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ

М.Әуезов атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар қаласы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Просмотров: 254 | Добавил: shakhibbeker | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: