10:56
Туыстық атаулар сыры

Әлбетте, қазақ халқының тек тану дәстүрі бойынша әр азаматтың үш жұрты болады. Ол ағайын, яғни өз жұрты, нағашы жұрты, қайын жұрты. Бұл үшеуі де жанашыр, сүйеніш, қорғаныш болып саналады. Халық осы үш жұртына былай деп баға берген екен:

Өз жұртың – күншіл, бар болсаң көре алмайды, жоқ болсаң бере алмайды, жақсы болсаң күндейді, жаман болсаң жүндейді.

Қайын жұртың – міншіл, қолыңның ұзындығына қарайды, жағаңның қызылдығына қарайды, берсең жағасың, бермесең дауға қаласың.

Нағашы жұртың – сыншыл, жақсылығыңа сүйінеді, жамандығыңа күйінеді, әрқашан тілеуіңді тілейді, тілеуқор қамқоршы болады.

Тегін айтылмаған бұл қағиданың шындығы да бар.

Туыстық негіз бен атаулар осы үш жұрттан басталып, жақындық, іліктік қатынас «ағайын», «туыс», «нағашылы-жиенді», «ілік», «жамағайын», «жекжат», «жұрағат», «құдандалы» деп аталады. Мұны бір сөзбен «туыстық атау» дейміз. Қазақтар жүзге, тайпаларға, руларға бөлінгенімен бірін-бірі бөтен санамаған, «Сұраса келе қарын бөле шығармыз» деп аты-жөнін, іліктік қатынасын да сұрастырып, біліп отыру дәстүрге айналған. «Мыңның түсін білгенше, бірдің атын біл» дейді. Бұл қазақ үшін бұлжмас заң.

Оны айтамыз-ау, «қаны бір қазақпыз» деп бүкіл үш жүздің азаматын, «түбі бір түркіміз» деп қырғызды, башқұртты да, «өзбек – өз ағам» деп оларды да бауырына тартатын бауырмал халықпыз. Жалпы қазақ халқы кімді де, қай ұлтты да сыртқа теппеген, қайта жақын тартып жанса жүрген. Ал өз қандасына келгенде, әрине, «қанына тартпағанның қары сынсын» деп барын ортаға салған, қауымдасып, туыстықтың туын, ер, ел намысын жоғарыұ ұстаған.

Халқымызда туыстық, іліктік қатынастардың көптеген атаулары және оның соған лайық жол-жоралғылары да бар. Халықтың сол атауларын, оның сырларын білгеннің зияны жоқ. Ескерте кететін бір жайт: туыстық қатынас пен атаулар жігіт жағынан көрсетіледі.

әзірлеген

Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ

М.Әуезов атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар қаласы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Просмотров: 267 | Добавил: shakhibbeker | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: