10:50
Тіл тарихы

БІР ТІЛ МЕ, БІРНЕШЕ ТІЛ МЕ?

Әзірше араб тілінің ешбір ауызекі нұсқасы араб ұлты азаматтарына түгелдей түсінікті емес. сонда араб тілі бір тіл ме, бірнеше тіл ме? Бұл жерде біз тағы да «тіл» деген сөздің анықтамасын беру проблемасына тап боламыз. Сырттай қарағанда, тек VII ғасырда пайда болған жазба тілде ғана сөйлесе алатын адамдардың өздерін бір тілде сөйлейміз деп есептейтіні күлкілі көрінуі мүмкін. Соған қарамастан, араб тілін қолданушылар оны растайды және бұрынырақ айтқанымыздай, олардың сөзіне ешкім шек келтіре алмайды. Бұл Австралия мен Еуропаға қалай тән болса, Таяу Шығыс пен Солтүстік Африкаға солай тән. Әрине, олардың пікірі түсінікті сөздерге ғана қатысты, бірақ жалғыз және ең маңызды ой осы ғана емес. сөйлеушілері солай ойласа, демек, араб тілінің біртұатас бір тіл болғаны.

Қазіргі араб тілі мен қазіргі қытай тілінің біршама ұқсастығы бар. Қытайда да жазба тілдің жалпы қытай ұлтына ортақ бір ғана түрі бар да, ауызекі тілдің бірнеше нұсқасы бар, олардың бір-бірінен алшақтығы араб тіліндегі нұсқалардан да көп. Ол жақта да тіл қолданушылар бірыңғай бір ғана қытай тілінің болғанын қалайды. Бірақ саяси тұрғыдан біртұтас Қытай билігі батыл лингвистикалық реформалар жүргізді, ол стандарт ауызекі қытай тілінің елдің түкпір-түкпірінде түсінікті болуына ықпал етуі мүмкін. Араб тіліне келсек, мұндай реформа туралы ойлаудың өзі қиын. Саяси бірлік болмаса, тілдің бірыңғай болуы екіталай.

Грек, латын және араб тілдері қырып-жою мен соғысу арқылы шалғайдағы алыс аймақтарға тарады. Әрине, кейде соғыс болмаса да миграция жүріп жатады. Бірақ біз жазылған тарихтан білеміз: жан баласы тұрмайтын жерге баратындар некен-саяқ (сирек мысалдардың бірі – 1100 жылдай бұрын адам келіп қоныстанған Исландия аралы). Көп жағдайда тілдің таралуы былай болады: бұрын бір немесе бірнеше тілде сөйлейтін халық тұратын жерге басқа бір тілде сөйлейтін халық келеді. Тілде адамдар сөйлейді. Сондықтан бірінші тілде сөйлейтіндер басқа жерге қуылады немесе аннексияланады, я болмаса жаңа тілді қабылдауға мәжбүр болады, не оларға аз ұлттың тіліне айналған тілде сөйлеп, тұрған жерінде тұра беруге рұқсат етіледі. Жергілікті халықтың басым бөлігі бұлардың бірімен де келіспейді, содан барып түрлі қақтығыстар туындайды.

Миграция қажет пе? Теория жүзінде адамдар басқа тілге сырттан біреулер келіп, мәжбүрлемесе де ауысып кетуі мүмкін. Іс жүзінде басқа тілге ауысу әр басқа тілде сөйлейтіндер бірге тұрып, слардың кейбіреулері екітілді болғанда кездеседі.

Бұған дейін әңгімелеген үш соғыс үстем тілде сөйлеушілердің жаулап алынған жерге қоныс аударғанын көрсетеді. Әдетте жеңгендер тұрғындардың бәрін бірдей өлтірмеген, ал аман қалғандар барар жері болмаған соң, бұрынғы орнында қалып қойған. Үш жағдайдың үшеуінде де өзге тілге жаппай өтуге әлеуеті болған, бірақ ол бірден іске аспаған.

Ескендір Зұлқарнайынның жеңісінен кейін грек тілі алып аймақта білім мен билік тілі болды, жүздеген жыл солай болып тұрды. Дегенмен арабтар келіп, өз тілін сол мақсатта қолданғанда, көптеген провинцияда грек тілі ізім-қайым жоылып кеті. Түріктер Византия империясын алғанда да сондай жағдай болды. Грек тілі о бастан өзі шыққан жерінде ғана өмірін жалғастырды, басқа жердің бәрінен кетті. Мұның себебі гректердің өз жерін тастап, ешқайда көптеп көшіп бармағанынан болуы керек. Тұрақты елді мекендері болмағандықтан, грек тілі бөтен жерде кең тарай алмады.

Римдіктер Италия мен Батыс Еуропаны бірнеше жүз жылдың ішінде бағындырды, бұл уақыт ішінде отарланған жерлерде жаңа тілде сөйлеушілердің бірнеше ұрпағы өсіп-өнді. Сөйтіп, олардың тілі иммиграцияның арқасында күш жинады, ал жаңадан келгендердің тұруы жергілікті тұрғындардың латын тіліне өтуін мүмкін және қажет етті. Шығыс күткеннен тез тізе бүкті, дүниенің бұл бөлігіне ұзақ тұрақтаған римдіктер өп болған жоқ. Рим билеушілеріне бұл жерде грек мәдениеті мен дәстүрінің жалғаса бергеніне қанағаттануға тура келді.

Арабтар дін үшін және басқа да мақсаттармен өздерінің тілінің үстем болуына мейлінше тырысты, бірақ олардың бұл тілегі тек Араб түбегінен көп адам қоныс аударған жерлерде ғана орындалды. Араб тілі миграциясы мұсылман дәуірі басталмай тұрып белең алған, ол айтарлықтай ұзақ уақытқа жалғасты. ХІ ғасырда Солтүстік Африкаға, соның ішінде Мысырға да иммиграцияның жаңа толқыны келді. Осындай иммиграцияның көмегімен екінші мыңжылдықтың жартысының ішінде араб тілі тұрақтады.

Осылайша өз ге елдерді жаулап алу басқыншылар тілінің таралуына мүмкіндік берді, бірақ ол тілдердің өзге жерде өзгеріске түсуі басқыншы ұлттың қанша адамы мекен ауыстырып, өзге жерге тұрақтап қалуына немесе көшіп келуіне байланысты болды.

әзірлеген

Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ

Ақсу қаласының №2 ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар облысы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Просмотров: 148 | Добавил: shakhibbeker | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: