22:38
Тіл тарихы

БІР ТІЛ МЕ, БІРНЕШЕ ТІЛ МЕ?

ХХ ғасырдың ортасынан бастап дүниежүзінің көптеген араб елінде саяси жағдай тұрақтады, экономика барлық жерде дерлік жақсарды. Францияда тәуелді африкалық Марокко, Тунис және Алжир елдері қалыптасты. Бір кездері Италия отары болған Ливия да Еуропаның үстемдігінен құтылды. Араб түбегіндегі бірнеше елдің экономикасы айтарлықтай түзелді. Бүгінде арабтілді елдер орта білім беру мен қай тілді қолдану керек деген мәселеде өздерінің тәуелсіз шешімдерін қабылдайды.

Әрине, әр елдің саяси жағдайы, білім деңгейі, экономикалық ресурстардың қолжетімділігі әртүрлі деңгейде. Тіл саясатына келгенде, ол елдердің бәрі араб тіліне қатты қызығушылық танытады. Бұрын Францияға тәуелді болған елдерде білім мен биліктің көп саласында француз тілі басым еді. Бірақ жаңа, тәуелсіз үкіметтер араб тіліне жол ашты. Десек те олардың құлшынысы деңгейі әртүрлі еді. Барлық елде мектептегі сабақ араб тілінде жүреді. Бірақ элитаның балалары әлі де бұрынғыдай ағылшын немесе француз тілінде оқытатын орта мектептерге барады. Билік пен саясат араб тілінде сөйлейді, бұл тіл газет, радио және телевизияда да жаппай қолданылады. «Арабтілді елдер араб тілін қадірлеуі керек» деген өзара келісім бар.

Бірақ қай араб тілін қолданады? Жазба тілдің өзі бірқатар қиындық туындатты. ХХІ ғасырда қолдану үшін классикалық жазба араб тілін біраз жетілдіру керек. Соңғы жүз жылдай уақыттың ішінде пайда болған заттар мен ұғымдар үшін көптеген жаңа сөз енгізу қажет. Көп жағдайда арабтілді елдердің әрқайсысы өз таңдауын жасады. Кей елдерде тіл мәселесімен айналысатын, тілді стандарттайтын академиялар бар; олар өздерінің ұсыныстарын енгізуге тырысады, бірақ трансұлттық органдар мен арбитраж инстанциялар жоқ. Сондықтан қазіргі сөздік қор әр елде әртұрлі болып қалыптасып жатыр.

Одан да үлкен қиындық – VII ғасыр грамматикасының барлық ауызекі нұсқалардан өзгеше екені. Мәселен, жазба тілдегі зат есімдерге септік жалғауы жалғанады, бірақ қазіргі ауызекі тілде ешқандай жалғау жалғанбайды. Сондықтан балалар оқуды үйренгенде, грамматикада да, лексикада да олардың сөйлеген сөзіне мүлде ұқсамайтын тілдік жүйені үйренуге мәжбүр. Оқу мен жазуды үйрету басқа тілді үйреткенмен бірдей болып тұр. Бұл – білім беру ісіндегі үлкен қиындық, оқушылардың жақсы жазуды үйрене алмай-ақ қоюының себебі де осында.

Жазба тілді жеңілдету туралы пікірталастар болды, бірақ ол бағытта әлі ештеңе істелінген жоқ, бұған таңдануға да болмас. Өзгеріс енгізілсе, ежелгі мәтіндерді, соның ішінде Құранды да оқу қиынға соғады. Мұндай жағдай дін жетекшілері тарапынан қатты наразылық тудырары хақ. Оның үстіне, барлық елде бірдей мойындалатын саяси да, мәдени де, діни де билік жоқ, сондықтан ешкім жаппай реформа жүргізе алмайды.

Араб тілінің ауызекі нұсқаларының бәрі жазба тілден алыс, олардың арасындағы айырмашылық та үлкен. Қарапайым тілмен айтқанда, әр елдің ауқымды ауызекі нұсқасы бар. Кей елдің сөйлеу тілі өте ұқсас, ал тағы бір елдерде түрлі диалектілер кездеседі. Географиялық тұрғыдан алшақ жатқан елдердің сөйлеу айырмашылықтары да айтарлықтай.

Күнделікті жағдайда жергілікті диалект қолданылады, бірақ көптеген адамдар басқа, одан беделдірек сөйлеу формасын жақсы меңгерген. Мектепте балалар жазу тілінің ережелерін үйренеді. Ол – барлық арабтілді аймақта ортақ талап болып есептелетін, Құраннан дәйексөз келтіргенде қолданылатын ресми  ауызекі тіл.

Әрине, арабтілді елдердің адамдары бір-бірімен бұлай сөйлесе алса және еркін араласа алса, игі болар еді. Бірақ тіл үйрену қиын, жеткілікті білім ала алмаған адамдар оны мүлде түсінбеуі мүмкін. (жалғасы бар)  

әзірлеген

Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ

Ақсу қаласының №2 ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар облысы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Просмотров: 139 | Добавил: shakhibbeker | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: